«Золотая Корона – Денежные Переводы» Төлем жүйес

Золотая Корона – Денежные Переводы» төлем жүйесі Банк клиенттеріне Қазақстан Республикасынан/ға, Ресейге және жақын шетел елдеріне ақша аударымдарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін ұсынады.

ҚР, Ресей және алыс/жақын шетелдер

Ақша аударымын жөнелтудің ең жоғарғы сомасы: 600 000 RUB дейін; 10 000 USD дейін; 8 000 EUR 3 500 000 теңгеге дейін

Бір аударымның ең жоғарғы сомасы 600 000 RUB; 10 000 USD; 8 000 EUR 3 500 000 теңгеге құрайды Абхазия Республикасының аумағында бір күн ішінде алуға арналған аударымдардың барынша жоғарғы сомасы 200 000 RUB (немесе оның басқа валютадағы балама сомасы) құрайды. Баламасын есептеу аударым жіберген күндегі Ресей Банкінің бағамы бойынша.

Түркия Республикасының аумағында алуға арналған бір аударымның барынша жоғарғы сомасы 10 000 USD құрайды.

Моңғолия аумағында алуға арналған бір аударымның барынша жоғарғы сомасы 15 000 USD, 10 000 EUR құрайды.

Өзге шектеулер «Золотая Корона – Ақша аударымдары» қызметінің ережелерімен және Сервис қызметі қолжетімді аумақтағы елдердің заңнамасымен анықталады.

Ақша аударымын жіберу кезіндегі комиссия:  

- ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде: 

  • Ресейге – аударым сомасынан 1 %, бірақ 1 000   RUB, 25 USD және 20 EUR аспайды;
  • Түркияға аударым сомасы 200 USD/EUR кем немесе тең болған кезде - 3 USD/EUR, 200 USD/EUR асатын болса – аударым сомасынан 1,5%;
  • Непалға аударым сомасы 500 USD/EUR кем немесе тең болған кезде - 5 USD, 500 USD/EUR асатын болса – аударым сомасынан 1,5%;
  • Вьетнамға аударым сомасы 2 000 USD кем болған кезде - 5 USD, 2 000 USD-ға тең немесе асатын, бірақ 5 000 USD аспайтын болған кезде - 15 USD, 5 000 USD тең немесе асатын, бірақ 10 000 USD аспайтын болған кезде - 20 USD.

- ТМД және Алыс шетелдегі елдерге ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде: 
  • аударым сомасынан 1,5 %.


«Золотая Корона – Денежные Переводы» төлем жүйесі бойынша ақша аударымын жіберу және алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Клиенттер/Қазақстан Республикасының резиденттері үшін:

  1. Ақша аударымын жіберу/төлеу үшін өтініш;
  2. Клиенттің ЖСН бар жеке куәлігі;
  3. Банктің толтырылған сауалнамасы.

Клиенттер/Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін:

  1. Ақша аударымын жіберу/төлеу үшін өтініш;
  2. Жеке куәлігі (оның ішінде – Қазақстан Республикасында шетел азаматының тұру рұқсаты/ азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі);
  3. Қазақстан Республикасының уәкілетті органында шетел азматының/Қазақстан Республикасының аумағына азаматтығы жоқ тұлғаның шығу, кіру және болу құқығын тіркейтін құжат, егер басқасы Қазақсан Республикасымен бекітілген, халықаралық шартпен қарастырылмаған болса;
  4. ЖСН (егер шетел азаматы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған жағдайда);
  5. Банктің толтырылған сауалнамасы.

«Золотая Корона – Денежные Переводы» төлем жүйесі бойынша ақша аударымды қайтару:

  • Алушымен талап етілмеген аударым 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде, ақша аударымын жіберген күннен бастап, қайтаруға жатпайды;
  • Ақша аударымын қайтару Жөнелтушінің жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады, егер ақша аударымы Алушыға төленбеген болса.
  • Ақша аударымын қайтарған кезде, қосымша комиссия Жөнелтушіден алынбайды. Жөнелтушімен бұрын төленген комиссия қайтаруға жатпайды.

Жіберілген ақша аударымына өзгерістер енгізу

  • Ақша аударымына өзгерістер енгізу Бенефициардың деректемелеріне Жөнелтушінің талабы бойынша жүзеге асырылады;
  • Жіберілген ақша аударымына енгізілген өзгерістері үшін Жөнелтушіден комиссия алынбайды

Ақша аударымына өзгерістерді енгізу/қайтару үшін құжаттар тізбесі:

Жөнелтушіні куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;
Жеке тұлғаның ақша қаражатын аудару туралы өтініші;
Жеке тұлғаның ақша қаражатын қайтару туралы өтініші 
Ақша аударудың деректемелерін өзгерту туралы өтініш.


Басты артықшылықтар: 

Жылдамдық – ақша аударымын жіберген соң бірнеше секундтан соң алуға болады.

Қолайлылық – аударым жіберілетін елді және қаланы көрсету жеткілікті. Алушы өзіне аударымды беретін қолайлы нүктені өзі таңдай алады.

Бақылау – аударым жағдайын тәулік бойы «Золотая Корона – Ақша аударымдары» қызметінің сайтында on-line режимінде тексеруге болады.

Қолжетімділік – Ресей және ТМД бойынша аударымды жүзеге асыру үшін комиссия — ең төменгілердің бірі.

«Золотая Корона – Ақша аударымдары» қызметі туралы қосымша ақпарат www.perevod-korona.com сайтында немесе тәулік бойы қолдау қызметінің телефоны бойынша +7 (495) 96-00-555 (қоңырау шалу байланыс операторының ережелеріне сай тарифтеледі)