CONTACT төлем жүйесі

CONTACT – нарықта 1999 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан алғашқы ресейлік ақша аудару жүйесі. CONTACT жүйесінің операторы «Рапида» ЖШҚ Банкілік емес кредиттік ұйым (БеКҰ) болып табылады.

CONTACT жүйесінің көмегімен Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ бөлімшелерінде есеп шот ашпастан жеңілдетілген процедура бойынша ақшаны тез, әрі арзанға жөнелтуге болады:

·  бүкіл әлем бойынша – Қазақстан, Ресей, алыс және жақын шетелдер – жиыны 170-тен астам елдер;

·  РФ рублімен, АҚШ долларымен және еуромен;

·  жеткізудің жеделдігі: нақты уақыт режимінде. Аударылған ақшаны беру жөнелту пунктінің және алу пунктінің сағат белдеуінің айырмашылығына, сонымен қатар алушы банктің жұмыс режиміне байланысты;

·  ақша аударымының ағымдағы статусы жайында жөнелтушінің ұялы телефонына sms-ақпарат жолдау;

·  мекенжайсыз төлем – ақша аударымын Қазақстандағы, Ресейдегі және жақын шетелдердегі кезкелген CONTACТ пунктінде алуға болады.

Келесі елдерге CONTACT Төлем Жүйесі бойынша ақша аударғаны үшін тарифтер:

Жақын шетелдерге ақша аударымын жөнелткені үшін Жөнелтушіден алынатын комиссия (Украинадан, Ресейден, Әзірбайжаннан және Өзбекстаннан өзге) құрайды:

600 000 RUB / 20 000 USD / EUR дейін аударылған ақша сомасының 1%.

Украинаға ақша аударымын жөнелткені үшін Жөнелтушіден алынатын комиссия – аударылған соманың 1,4% құрайды.

Ресейге ақша аударымын жөнелткені үшін Жөнелтушіден алынатын комиссия құрайды:

100 000 RUB / 2 500 USD / 2 000 EUR дейін аударылған соманың 1%

100 000,01 RUB-ден 600 000 RUB дейінгі аударым сомасынан 1 000 RUB

2 500,01 USD-дан 20 000 USD дейінгі аударым сомасынан 25 USD
2 000,01 EUR-дан 20 000 EUR дейінгі аударым сомасынан 20 EUR.

Әзірбайжанға, Өзбекстанға ақша аударымын жөнелткені үшін Жөнелтушіден алынатын комиссия құрайды:

600 000 RUB / 20 000 USD / EUR дейін аударым сомасынан 1.2%

Вьетнамға CONTACT Төлем Жүйесі бойынша ақша аударымын жөнелткені үшін тарифтер:

Вьетнамға ақша аударымын жөнелткені үшін Жөнелтушіден алынатын комиссия құрайды:

500,00 USD / EUR дейінгі аударым сомасынан 5 USD / EUR

500,01 USD / EUR-дан 1000,00 USD / EUR дейінгі аударым сомасынан 1%

1000.01 USD / EUR-дан 2000,00 USD / EUR дейінгі аударым сомасынан  0,9%
2000,01 USD / EUR-дан 5000,00 USD / EUR дейінгі аударым сомасынан 0.8%

5000,01 USD / EUR және одан артық 40 USD / EUR. 

2016 жылдың 10 ақпан мен 10 шілде аралығында CONTACT төлем жүйесі Түркияға ақша жіберу үшін алынатын комиссияны төмендетеді.

Түркияға аударым жөнелту тарифтері:

  • аударым сомасы 0,01-335,00 USD/EUR болғанда 5 USD/EUR;

  • аударым сомасы 335,01 – 10 000,00 USD/EUR болғанда 1,5%.

CONTACT Төлем Жүйесі бойынша ақша аударымының ең үлкен сомасы:

— Жақын Шетелдерге ақша аударғанда: 
600 000 RUB;  
20 000 USD/EUR. 

— Алыс Шетелдерге ақша аударуды жүзеге асырғанда ең үлкен сома мен комиссия сомасы аударым бағытына байланысты өзгеріп отырады. Ол туралы ақпарат келесі сілтеме бойынша CONTACT Төлем Жүйесінің тарифтерінде орналасқан:  http://www.contact-sys.com/transfer/tariffs.html

CONTACT Төлем Жүйесі бойынша ақша жөнелтуге және алуға қажетті құжаттар тізбесі:

Клиенттер / Қазақстан Республикасының резиденттері үшін:

1. Ақша аударымын жөнелту/төлеу туралы өтініш; 

2. ЖСН көрсетілген Клиенттің жеке басын куәландыратын құжат; 

3. Банктің толтырылған сауалнамасы. 

Клиенттер / Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін:

1. Ақша аударымын жөнелту/төлеу туралы өтініш; 

2. Жеке басты куәландыратын құжат (оның ішінде шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхаты/ азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі);

3. Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында шетелдік азаматтың / азаматтығы жоқ тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағына кіру, шығу және тұру құқығының тіркелгенін растайтын құжат, егер Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарда басқаша қарастырылмаса;

4. ЖСН (егер шетелдік азамат Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне алуға жататын болса);

5. Банктің Толтырылған Сауалнамасы. 

CONTACT Төлем Жүйесі бойынша ақша аударымын қайтару;

Ақша аударымы Жөнелтушіге оның жазбаша өтініші бойынша қайтарылады, егер Ақша аударымы Алушыға төленбеген болса.

Ақша аударымын қайтарғанда Жөнелтушіден қосымша комиссия алынбайды. Жөнелтуші бұрын төлеген комиссия қайтаруға жатпайды.

CONTACT Төлем Жүйесі бойынша жөнелтілген ақша аударымына өзгерістер енгізу.

Ақша аударымына өзгеріс енгізу Жөнелтушінің талабымен жүзеге асырылады. Өзгерістерді тек Бенефициар деректемелеріне енгізуге болады.

Өзгерістер енгізілген жағдайда Жөнелтушіден қосымша комиссия алынбайды

CONTACT Төлем Жүйесі бойынша жіберілген ақша аударымын қайтару/ өзгеріс енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

ЖСН көрсетілген Клиенттің жеке басын куәландыратын құжат.

Ақша аударымын қайтаруға өтініш;

Ақша аударымына өзгеріс енгізуге өтініш.

CONTACT жүйесінің негізгі артықшылықтары:

Пайдалы – қызмет құнын тек Жөнелтуші төлейді – алушыға ақша аударымын төлеу тегін жүзеге асырылады.

Қолайлы – аударымды жөнелту үшін Сізге алушы банкінің деректемелерін білудің қажеті жоқ, ақша жіберілетін елді, қаланы және алушының аты-жөнін атау жеткілікті. Қазақстан, Ресей және ТМД елдеріне ақша аударымын жөнелту – мекенжайсыз форматта жүргізіледі – ақша қаражаты алушыға көрсетілген елдің CONTACT жүйесінің кезкелген пунктінде беріледі.

Тез – аударымды ресімдеудің оңайлатылған процедурасы бірнеше минутты ғана алады және өтініш бланкісін толтыруды қажет етпейді.

Сенімді – аударымдардың қауіпсіздігі ақпаратты қорғаудың озық технологиялары енгізілген арнайы бағдарламалық кешенмен қамтамасыз етіледі.

СONTACT жүйесі туралы қосымша ақпаратты www.contact-sys.com сайтынан таба аласыз немесе 8-800-200-42-42 телефоны арқылы тәулік бойы қолдау қызметінен ала аласыз (Қазақстан тұрғындары үшін стационарлы телефондардан және таксофондардан қоңырау шалу тегін).