Интернет-Банкинг


Банк ВТБ (Қазақстан) Сізге «Online VTB» жеке тұлғаларға арналған интернет-банкинг жүйесінде қашықтан банктік қызмет көрсетуді ұсынады"

Сервиске банктің дебеттік төлем карточкасын кез келген ұстаушы қосыла алады.

Ол үшін барлық ВТБ клиенттері үшін міндетті болып табылатын негізгі дәйекті іс-әрекеттерді орындау қажет:

  1. Банктің кез келген төлем карточкасының негізгі иесі (негізгі төлем карточкасын ұстаушы) болу;
  2. Банкте тіркелуі тиіс жеке ұялы телефон нөмірінің болуы;
  3. Банктің банкоматтары мен ақпараттық-төлем терминалдарында немесе сілтеме бойынша тіркеуден өту;
  4. Электрондық банктік қызметтерді ұсыну шарттарымен танысу және қабылдау.

Online VTB жүйесі тіркелген пайдаланушыларға қызметтің келесі түрлерін ұсынады:

  1. Ақпараттық-банктік қызметтер:
    Данный вид услуг предоставляет пользователям возможность просмотра:
    1. өзінің барлық банк шоттарының (ағымдағы, жинақ) жағдайы туралы мәліметтерді;
    2. банк алдындағы кредиттік міндеттемелер бойынша мәліметтерді;
    3. берілген уақыт кезеңі/белгілі бір күнге өзінің банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді;
    4. қызметтерді жеткізушілер ұсынған ақы төлеуге арналған шоттарды;
    5. клиенттің банк шоттары бойынша жүргізілген ақша төлемі мен аударымы туралы мәліметтерді;
    6. банк белгілеген ағымдағы күнге валюта айырбастау бағамы туралы мәліметтерді;
    7. төлем карточкалары және аударым операциялары бойынша банктің айырбастау бағамдары туралы мәліметтерді;
    8. банк қызметтерін көрсету шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты:
    9. банктен клиентке және кері тәртіпте ақпараттық хабарламаларды;
    10. банктің қалауы бойынша өзге анықтамалық ақпаратты.
  2. Электрондық төлем қызметтері:
    Пайдаланушыларға жасауға мүмкіндік беретін төлем операциялары: қызметтерді төлеуді:
    1. ұялы байланыс операторларының;
    2. кабельдік теледидардың;
    3. телефонияның;
    4. коммуналдық төлемдердің;
    5. әкімшілік құқық бұзушылық және ЖҚЕ үшін айыппұлдарын;
    6. интернет-провайдерлердің.
    Банкішілік және банкаралық аударымдарды:
    1. банкте ашылған өзінің банктік шоттарынан төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруды;
    2. өзінің банктік шотынан басқа банкте ашылған кез келген банктік шотқа;
    3. шетел валютасын сатып алу мен сатуды жүзеге асыруды.
  3. Электрондық өтінім беруді:
    1. төлем картасын қайта шығаруға;
    2. ағымдағы шоттарды ашуға;
    3. депозиттер ашуға.