Бухгалтерлік есеп басқармасының банкішілік операциялар бөлімінің бас маманы

13.04.2023

Лауазымдық міндеттері:

  • Банктің жалдау шоттарының (соның ішінде қаржылық лизинг бойынша) есебін жүргізу
  • Банктің әкімшілік-шаруашылық қызметі үшін жеткізушілермен өзара есеп айырысу
  • Аудиттік тексеру кезінде сұралған ақпаратты беру
  • Кәсіпкерлік қызмет бойынша мәмілелерді жасайтын және ресімдейтін Банк бөлімшелері ұсынған құжаттардың ресімделуінің дұрыстығы мен толықтығын бақылау
  • Қызмет жеткізушілермен активтер мен міндеттемелер бойынша есеп айырысуларға түгендеу жүргізу
  • Банктің негізгі құралдарын, материалдық емес активтерін және тауарлық-материалдық қорларды түгендеуге қатысу
  • Банктің әкімшілік-шаруашылық қызметі бойынша дебиторлар мен кредиторлардың шоттарын жүргізу, оның ішінде шетел валютасындағы есеп айырысу
  • Банк қоймаларындағы және материалдық жауапты тұлғаларға есеп беретін тауарлық-материалдық қорлардың есебін жүргізу. Қызметтік көліктердің белгіленген есептен шығару нормаларына сәйкес жанар-жағармай материалдарын (бұдан әрі – ЖЖМ) қоймадан есептен шығару, есептен шығару актілерін, жүкқұжаттарды ресімдеу және т.б.
  • Есепті кезеңнің (ай, жыл) жабылуына қатысу. Банк шығыстары бойынша шығындарды, кейінге қалдырылған шығыстарды уақтылы есептен шығару, шығыстарды есептеу әдісі бойынша есептеу. Әкімшілік-шаруашылық қызмет бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектерді бухгалтерлік есепте уақтылы көрсету

Біліктілік талаптары:

  • Ұқсас лауазымдағы банктік тәжірибе
  • Банк балансындағы ағымдағы операцияларды тиісті өзара есеп айырысу шоттары бойынша көрсету үшін Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және бухгалтерлік есеп рәсімдерін қолдану дағдысы
  • Аналитикалық ойлау

Түйіндемені жіберген кезде, файл атауында тегіңізді көрсетуіңізді сұраймыз.

Түйіндемені мына мекен-жайға жолдаңыз: cv@vtb-bank.kz