30.03.2016 ж. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Директорлар Кеңесінің Шешімі

6 апреля 2016

Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілетін ақпараттар, мәселелер тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат.

1) Акционерлік қоғамның толық атауы және орналасқан жері - Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 28 «в» үй.

2) директорлар кеңесінің жалпы жиналысы өтетін күн, уақыт және орны – 30.03.2016 ж., Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 28 «в» үй;

3) директорлар кеңесінің отырысында күн тәртібіне енгізілген мәселелер:

1.     Банк және оның жұмысшыларының 2015 жылдың 4 тоқсанындағы Есепке алу саясатын сақтау мониторингі бойынша есепті қарастыру туралы.

2.     Банктің 2015 жылдың қаржылық есептілігін және Тәуелсіз аудитор «Эрнст энд Янг» ЖШС-нің есебін қарастыру туралы.

3.     Орындалуы қызығушылық тудыратын, Банкпен ерекше қарым-қатынаспен байланысқан тұлғалармен мәмілелерді қарастыру туралы.

4.     Банкпен ерекше қарым-қатынаспен байланысқан тұлғаларға арналған шарттың типтік үлгілерін қарастыру туралы.

5.     Қарызды есептен шығару туралы.

6.     Банк клиенттері үшін жеке тарифтер белгілеу туралы.

4) қабылданған шешімдер:

Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша: «Банк және оның жұмысшыларының 2015 жылдың 4 тоқсанындағы Есепке алу саясатын сақтау мониторингі бойынша есепті қарастыру туралы».

Дауыс беру қорытындысы:

Осеевский М.Э., Досмукаметов К.М., Валиев Б.Ю., Кыдырбаев Д.Х., Сизова С.И., Смаков В.В., Степанов С.В.

Қарсы болғандар – жоқ

Шешім бірауыздан қабылданды.

Қабылданған шешім:

1. Банк және оның жұмысшыларының 2015 жылдың 4 тоқсанындағы Есепке алу саясатын сақтау мониторингі туралы есеп ескерілсін (осы хаттамаға №1 қосымша).

Күн тәртібіндегі 2-ші мәселе бойынша: «Банктің 2015 жылдың қаржылық есептілігін және Тәуелсіз аудитор «Эрнст энд Янг» ЖШС-нің есебін қарастыру туралы».

 Дауыс беру қорытындысы:

Осеевский М.Э., Досмукаметов К.М., Валиев Б.Ю., Кыдырбаев Д.Х., Сизова С.И., Смаков В.В., Степанов С.В.

Қарсы болғандар – жоқ

Шешім бірауыздан қабылданды.

Қабылданған шешім:

2.1. Банктің 2015 жылдың қаржылық есебі алдын-ала бекітілсін (осы хаттамаға № 2 қосымша), оның құрамына кіретіндер:

· 31.12.2015 күніне қаржылық жағдайы туралы есеп.

· 31.12.2015 аяқталған жылдың жиынтық табысы туралы есеп.

· 31.12.2015 аяқталған жылдағы капиталдағы өзгерістер туралы есеп.

· 31.12.2015 аяқталған жылдың жылдағы ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп.

· 2015 жылдың қаржылық есептілігіне түсіндірме жазба.

2.2.  Банктің 2015 жылдың қаржылық есептілігіне жасалған Тәуелсіз аудитор «Эрнст энд Янг» ЖШС-нің есебін ескерілсін және Банк Акционерінің қарастыруына ұсынылсын (осы хаттамаға № 2 қосымша).

2.3. Банк Акционеріне Банктің 2015 жылдың қаржылық есептілігін бекітуге кеңес берілсін.

Күн тәртібіндегі 3-ші мәселе бойынша: « Орындалуы қызығушылық тудыратын, Банкпен ерекше қарым-қатынаспен байланысқан тұлғалармен мәмілелерді қарастыру туралы».

Дауыс беру қорытындысы:

Осеевский М.Э., Досмукаметов К.М., Валиев Б.Ю., Кыдырбаев Д.Х., Сизова С.И., Смаков В.В., Степанов С.В.

Қарсы болғандар – жоқ

Шешім бірауыздан қабылданды.

Қабылданған шешім:

3.1. Мәміленің жасалуы мақұлдансын – жеке тұлғаның ағымдық шотын ашу туралы, осы хаттаманың №3 қосымшасына сәйкес шарттарда, орындалуы қызығушылық тудыратын, Банкпен ерекше қарым-қатынаспен байланысқан тұлғамен VISA International халықаралық төлем жүйесінің VISA Gold төлем картасын беру және пайдалану туралы қосылу шарты.

3.2. Мәміленің жасалуы мақұлдансын - жеке тұлғаның ағымдық шотын ашу туралы, осы хаттаманың №4 қосымшасына сәйкес шарттарда, орындалуы қызығушылық тудыратын, Банкпен ерекше қарым-қатынаспен байланысқан тұлғамен VISA International халықаралық төлем жүйесінің VISA Gold төлем картасын беру және пайдалану туралы қосылу шарты.

3.3. Осы хаттаманың №№5-11 қосымшаларына сәйкес шарттарда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ мен Банк ВТБ (жария акционерлік қоғамы) арасындағы банк шоттарын тікелей дебеттеу туралы Келісімнің жасалуы мақұлдансын.

Күн тәртібіндегі 4-ші мәселе бойынша: «Банкпен ерекше қарым-қатынаспен байланысқан тұлғаларға арналған шарттың типтік үлгілерін қарастыру туралы».

 Дауыс беру қорытындысы:

Осеевский М.Э., Досмукаметов К.М., Валиев Б.Ю., Кыдырбаев Д.Х., Сизова С.И., Смаков В.В., Степанов С.В.

Қарсы болғандар – жоқ

Шешім бірауыздан қабылданды.

Қабылданған шешім:

4. Орындалуы қызығушылық тудыратын Банкпен ерекше қарым-қатынаспен байланысқан тұлғаларға арналған шарттың типтік үлгілері мақұлдансын:

1) Ағымдық шот ашу туралы, VISA International халықаралық төлем жүйесінің Visa Virtuon дебеттік төлем картасын беру және пайдалану (Банкпен ерекше қарым-қатынаспен байланысты жеке тұлғалар үшін) туралы қосылу шарттары осы хаттамаға № 12 қосымша);

2) Ағымдық шот ашу туралы, VISA International халықаралық төлем жүйесінің дебеттік төлем картасын беру және пайдалану (Банкпен ерекше қарым-қатынаспен байланысты жеке тұлғалар үшін) туралы қосылу шарттары осы хаттамаға № 13 қосымша);

3) Ағымдық шот ашу туралы, VISA International халықаралық төлем жүйесінің дебеттік төлем картасын беру және пайдалану («Еңбекақы жобасы» шеңберінде дебетті төлем картасын ұстаушыларға және ақшалай қаражаттардың қалдығына сыйақы есептеу шартымен Банктің жұмысшы-ұстаушыларына, дебеттік төлем картасының ағымдық шотындағы, Банкпен ерекше қарым-қатынаспен байланысқан тұлғалар үшін) туралы қосылу шарттары (осы хаттамаға № 14 қосымша).

Күн тәртібіндегі 5-ші мәселе бойынша: «Қарызды есептен шығару туралы».

 Дауыс беру қорытындысы:

Осеевский М.Э., Досмукаметов К.М., Кыдырбаев Д.Х., Сизова С.И., Смаков В.В., Степанов С.В.

Қарсы болғандар – Валиев Б.Ю.

Шешім дауыс көпшілігімен қабылданды.

Қабылданған шешім:

5. Директорлар Кеңесінің жанындағы Кредит Комитетінің талаптарды сақтай отырып (осы хаттамаға №15 қосымша) қарызды жүйеден тыс есепке есептен шығару туралы шешімі мақұлдансын (14.03.2016 ж. №07 хаттамадан үзінді көшірмесі).

Күн тәртібіндегі 6-шы мәселе бойынша: «Банк клиенттері үшін жеке тарифтер белгілеу туралы».

 Дауыс беру қорытындысы:

Осеевский М.Э., Досмукаметов К.М., Валиев Б.Ю., Кыдырбаев Д.Х., Сизова С.И., Смаков В.В., Степанов С.В.

Қарсы болғандар – нет

Шешім бірауыздан қабылданды.

Қабылданған шешім:

6.1. Банк Басқармасының шешіміне сәйкес шарттарда (11.03.2016ж. №11 хаттамадан №3 үзінді көшірме) Банк клиенттері үшін жеке тарифтерді бекіту мақұлдансын (осы хаттамаға № 16 қосымша).

6.2. Банк Басқармасының шешіміне сәйкес шарттарда (03.03.2016ж. №10 хаттамадан №11 үзінді көшірме) Банк клиенттері үшін жеке тарифтерді бекіту мақұлдансын (осы хаттамаға № 17 қосымша).