27.07.2016 ж. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Директорлар Кеңесінің Шешімі

1 августа 2016

Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілетін ақпараттар, мәселелер тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат.

1) Акционерлік қоғамның толық атауы және орналасқан жері - Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 28 «в» үй.

2) директорлар кеңесінің жалпы жиналысы өтетін күн, уақыт және орны – 27.07.2016 ж., Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 28 «в» үй;

3) Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:

1.            01.06.2016 жағдай бойынша басқарушылық есепті қарау туралы.

2.            2016 жылғы 1-ші тоқсанға Банктің реттеуші есептілігін жасақтау және ұсынудың сенімді және уақтылығына, толықтығына мониторинг жүргізу және бақылау жасау нәтижелері туралы Банк Басқармасының есебін қарау туралы.

3.            Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымының Салықтық есеп саясатына №1 Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

4.            Жасалуында қызығушылық бар, Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле жасауды қарау туралы.

5.            Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымының міндеттемелерін оның меншікті капиталы мөлшерінің он және одан да көп пайызына арттыру туралы.

6.            Банк клиенті үшін жеке тарифтер белгілеу туралы.

7.            Банк клиентіне қаржыландыру лимитін белгілеуді мақұлдау туралы.

4) қабылданған шешімдер:

Күн тәртібінің 1 сұрағы бойынша «01.06.2016 жағдай бойынша басқарушылық есепті қарау туралы».

01.06.2016 жағдай бойынша басқарушылық есепті назарға алынсын, оның ішінде:

·           2016 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша негізгі қаржылық көрсеткіштердің басқарушылық есептілігі;

·           01.06.2016 жылғы жағдай бойынша кредит тәуекелдері бойынша басқарушылық есептілік;

·           01.06.2016 жылғы жағдай бойынша қаржылық тәуекелдер бойынша басқарушылық есептілік;

·           Стресс қорытындылары туралы есеп – 01.06.2016 жылға тестілеу және салалық тәуекелдер.

Күн тәртібінің 2 сұрағы бойынша «2016 жылғы 1-ші тоқсанға Банктің реттеуші есептілігін жасақтау және ұсынудың сенімді және уақтылығына, толықтығына мониторинг жүргізу және бақылау жасау нәтижелері туралы Банк Басқармасының есебін қарау туралы».

2016 жылғы 1-ші тоқсанға Банктің реттеуші есептілігін жасақтау және ұсынудың сенімді және уақтылығына, толықтығына мониторинг жүргізу және бақылау жасау нәтижелері туралы Банк Басқармасының есебі назарға алынсын.

Күн тәртібінің 3 сұрағы бойынша «Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымының Салықтық есеп саясатына №1 Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымының Салықтық есеп саясатына №1 Өзгерістер мен толықтыруларды бекіту.

Күн тәртібінің 4 сұрағы бойынша «Жасалуында қызығушылық бар, Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле жасауды қарау туралы».

Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен стандарттық талаптарда жеке тұлғаның ағымдағы шотын ашу, VISA International халықаралық төлем жүйесінің дебеттік төлем карточкасын беру және пайдалану туралы қосылу шартын жасау мақұлдансын.

Күн тәртібінің 5 сұрағы бойынша «Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымының міндеттемелерін оның меншікті капиталы мөлшерінің он және одан да көп пайызына арттыру туралы»

Банктік қарыз шартын жасауға байланысты Банк міндеттемелерін оның меншікті капиталы мөлшерінің он және одан да көп пайызына арттыру мақұлдансын.

Күн тәртібінің 6 сұрағы бойынша «Банк клиенті үшін жеке тарифтер белгілеу туралы.

Банк Басқармасының шешіміне сәйкес (21.07.2016 ж. №35 хаттамадан №9 үзінді көшірме) Банк клиенті үшін жеке тарифтер белгілеу мақұлдансын.

Күн тәртібінің 7 сұрағы бойынша ««Когер Лтд» ЖШС-ға қаржыландыру лимитін белгілеуді мақұлдау туралы».

Банктің Директорлар кеңесі жанындағы Кредит Комитетінің 25.07.2016 ж. №20 шешімімен анықталған талаптарда, Банк клиентіне қаржыландыру лимитін белгілеу мақұлдансын.