27.05.2016 ж. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Директорлар Кеңесінің Шешімі

2 июня 2016

Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілетін ақпараттар, мәселелер тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат.

1) Акционерлік қоғамның толық атауы және орналасқан жері - Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 28 «в» үй.

2) директорлар кеңесінің жалпы жиналысы өтетін күн, уақыт және орны – 27.05.2016 ж., Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 28 «в» үй;

3) Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:

1.            01.04.2016 жылғы жағдай бойынша басқарушылық есептілікті қарау туралы

2.            2016 жылғы 1 тоқсан қорытындысы бойынша Банк және оның қызметкерлерінің саясатты және банктің өзге ішкі құжаттарының талаптарын сақтау туралы есептерін қарау туралы.

3.            Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-да қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау жүйесінің 2016 жылғы 1 тоқсандағы жағдайы туралы есепті қарау туралы.

4.            Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Директорлар Кеңесі жанындағы Кредиттік комитеті туралы Ережесінде №3 Өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы.

5.            Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Директорлар Кеңесі жанындағы Кредиттік комитеті туралы Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы.

6.            Банкпен ерекше қарым-қатынаста байланысты тұлғамен жасауға мүдделілігі бар мәмілелерді қарау туралы.

7.            Директорлар Кеңесі жанындағы Кредиттік комитеттің шешімдерін бекіту туралы.

8.            Банктің 2012-2014 жылғы жұмыстарының қорытындылары бойынша белгіленбеген сыйақының тоқтатыла тұрған бөлігін төлеу туралы.

9.            Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі Директорлар Кеңесі комитетінің жеке құрамының өзгеруі туралы.

4) қабылданған шешімдер:

Күн тәртібіндегі 1 мәселе бойынша – «01.04.2016 жылғы жағдай бойынша басқарушылық есептілікті қарау туралы».

Қабылданған шешім:

1.  01.04.2016 жылғы жағдай бойынша Банктің басқарушылық есептілігі назарға алынсын, мыналарды қамтиды:

·           2016 жылғы наурыздағы қорытынды бойынша негізгі қаржылық көрсеткіштерінің басқарушылық есебі;

·           2016 жылғы наурыздағы қорытынды бойынша кредит тәуекелдерінің басқарушылық есебі;

·           2016 жылғы наурыздағы қорытынды бойынша қаржылық тәуекелдердің басқарушылық есебі;

·           01.04.2016 жылғы жағдай бойынша операциялық тәуекелдердің басқарушылық есебі;

·           2016 жылғы наурыздағы қорытынды бойынша стресс – тестілеу және салалық тәуекелдер нәтижелері туралы есеп;

·           01.04.2016 жылғы жағдай бойынша кредиттік тәуекелге ұшырағыштық мөлшері (деңгейі) туралы;

·           01.04.2016 жылғы жағдай бойынша «Проблемалы берешек», «Потенциальды-проблемалы берешек» және «Бақылау» (Watch-List) мәртебелерімен берешектің динамикасы туралы есеп;

·           01.04.2016 жылғы жағдай бойынша Банктің Әкімшілік-басқарушылық шығындар сметаларын орындау туралы есеп.

Күн тәртібіндегі 2 мәселе бойынша – «2016 жылғы 1 тоқсан қорытындысы бойынша Банк және оның қызметкерлерінің саясатты және банктің өзге ішкі құжаттарының талаптарын сақтау туралы есептерін қарау туралы»

Қабылданған шешім:

2. 2016 жылғы 1 тоқсан қорытындысы бойынша Банк және оның қызметкерлерінің саясатты және банктің өзге ішкі құжаттарының талаптарын сақтау туралы есептері назарға алынсын:

·           2016 жылғы 1 тоқсанға Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның және оның қызметкерлерінің Рентабельділікті басқару саясатын сақтау туралы есебі;

·           2016 жылғы 1 тоқсанға Кредиттік саясатты орындау туралы есеп;

·           2016 жылғы 1 тоқсанға ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның және оның қызметкерлерінің Есептік саясатты сақтау мониторингі туралы есебі;

·           2016 жылғы 1 тоқсанға ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның және оның қызметкерлерінің Тарифтік саясатты сақтау туралы есебі.

Күн тәртібіндегі 3 мәселе бойынша – «Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-да қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау жүйесінің 2016 жылғы 1 тоқсандағы жағдайы туралы есепті қарау туралы».

Қабылданған шешім:

3. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-да қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау жүйесінің 2016 жылғы 1 тоқсандағы жағдайы туралы есеп назарға алынсын.

Күн тәртібіндегі 4 мәселе бойынша – «Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Директорлар Кеңесі жанындағы Кредиттік комитеті туралы Ережесіндегі №3 Өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы»

Қабылданған шешім:

4. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Директорлар Кеңесі жанындағы Кредиттік комитеті туралы Ережесіндегі №3 Өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

Күн тәртібіндегі 5 мәселе бойынша – «Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Директорлар Кеңесі жанындағы Кредиттік комитеті туралы Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы».

Қабылданған шешім:

5. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Директорлар Кеңесі жанындағы Кредиттік комитеті туралы Ереже бекітілсін.

Күн тәртібіндегі 6 мәселе бойынша – «Банкпен ерекше қарым-қатынаста байланысты тұлғамен жасауға мүдделілігі бар мәмілелерді қарау туралы».

 Қабылданған шешім:

6.1. Осы хаттаманың қосымшасына сай талаптарда Банкпен ерекше қарым-қатынаста байланысты тұлғамен жасауға мүдделілігі бар банктік шоттарын тікелей дебеттеу туралы келісім – мәмілені жасау мақұлдансын.

Күн тәртібіндегі 7 мәселе бойынша – «Директорлар Кеңесі жанындағы Кредиттік комитеттің шешімдерін бекіту туралы»

Қабылданған шешім:

7.  Директорлар Кеңесі жанындағы Кредиттік комитеттің 04.05.2016 ж. №12 шешімі бекітілсін.

Күн тәртібіндегі 8 мәселе бойынша – «Банктің 2012-2014 жылғы жұмыстарының қорытындылары бойынша белгіленбеген сыйақының тоқтатыла тұрған бөлігін төлеу туралы»

Қабылданған шешім:

8. Банктің Басқарма Төрағасының орынбасары-Басқарма мүшесіне 2012, 2013 және 2014 жылдардағы жұмыстарының қорытындылары бойынша Банктің Директорлар Кеңесімен бұрын бекітілген және есептелген белгіленбеген сыйақының тоқтатыла тұрған бөлігі төленбесін.

Күн тәртібіндегі 9 мәселе бойынша – «Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі Директорлар Кеңесі комитетінің жеке құрамының өзгеруі туралы»

Қабылданған шешім:

9.      Комитет мүшесі Кенжебек Асемнің кезекті жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы уақытында, іс-сапар немесе еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңде орнын басатын тұлға Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Клиенттермен жұмыс істеу басқармасының бастығы Лихацкая Галина Михайловна Корпоративтік бизнесті дамыту департамент директорының орынбасары болып анықталсын.