13.05.2016 ж. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Директорлар Кеңесінің Шешімі

18 мая 2016

Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілетін ақпараттар, мәселелер тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат.

1) Акционерлік қоғамның толық атауы және орналасқан жері - Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 28 «в» үй.

2) директорлар кеңесінің жалпы жиналысы өтетін күн, уақыт және орны – 13.05.2016 ж., Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 28 «в» үй;

3) директорлар кеңесі мәжілісінің күн тәртібіне кірген сұрақтар:

1.            Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымының Қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға (жылыстатуға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет бойынша ішкі бақылау ережесіне №1 өзгерісті бекіту туралы.

2.            Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымының Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі саясатын бекіту туралы.

3.            Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымының Бас комплаенс-бақылаушының, Бақылау комплаенсы мен қаржылық мониторинг басқармасының бастығының типтік лауазымдық нұсқаулығын бекіту туралы.

4.            Бірінші облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығару туралы.

5.            Банктің Ішкі аудит басқармасының 2015 жылға есебін қарау туралы.

6.            Банк клиенттері үшін жеке тарифтер белгілеу туралы.

7.            Орта және шағын бизнестің кредит портфелі бойынша шек белгілеу туралы.

8.            Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымының бөлшек кредиттеу өнімдері бойынша жеке тұлғалардың төлемқабілеттілігін бағалау әдістемесін бекіту туралы.

9.            Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен жасалуына мүдделілік бар мәмілелерді қарау туралы.

10.       Операциялық тәуекелдің негізгі индикаторларының және операциялық тәуекелдің негізгі индикаторлары бойынша табалдырық мәндерінің тізбесін қарау туралы.

11.       Банк клиентіне қаржыландыру лимитін белгілеуді мақұлдау туралы.

12.       Банк клиентіне қаржыландыру лимитінің талаптарын өзгертуді мақұлдау туралы.

13.       Банк клиентіне қаржыландыру лимитінің талаптарын өзгертуді мақұлдау туралы.

4) қабылданған шешімдер:

Күн тәртібінің 1 сұрағы бойынша «Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамының Еншілес ұйымының Қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға (жылыстатуға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет бойынша ішкі бақылау ережесіне №1 өзгерісті бекіту туралы».

 Қабылданған шешім:

1. Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамының Еншілес ұйымының Қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға (жылыстатуға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет бойынша ішкі бақылау ережесіне №1 өзгеріс бекітілсін.

Күн тәртібінің 2 сұрағы бойынша «Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымының Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі саясатын бекіту туралы».

 Қабылданған шешім:

2.1. Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымының Банк Директорлар кеңесі бекіткен (Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 1 шілдедегі №15/2013 хаттамасы) Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі саясаты күшін жойды деп танылсын.

2.2. Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымының Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі саясаты бекітілсін.

Күн тәртібінің 3 сұрағы бойынша «Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымының Бас Комплаенс-бақылаушының, Бақылау комплаенсы мен қаржылық мониторинг басқармасының бастығының типтік лауазымдық нұсқаулығын бекіту туралы».

Қабылданған шешім:

3.1. Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымының Директорлар кеңесі бекіткен (2014 жылғы 08 желтоқсандағы № 39/2014 хаттама) Бас комплаенс-бақылаушының типтік лауазымдық нұсқаулығы күшін жойды деп танылсын.

3.2. Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымының Бас комплаенс-бақылаушының, Бақылау комплаенсы мен қаржылық мониторинг басқармасының бастығының типтік лауазымдық нұсқаулығы бекітілсін.

Күн тәртібінің 4 сұрағы бойынша «Бірінші облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығару туралы».

ҚР АҚ туралы заңының 53 б. 2 т. 7) тт. және Жарғының 10. Т, 10.2.6 тт. басшылыққа ала отырып

Қабылданған шешім:

4.1. Банкінің бірінші облигациялық бағдарламасы аясында облигацияны үшінші шығару шарттары анықталсын.

4.2. Банкінің бірінші облигациялық бағдарламасы аясында облигацияны төртінші шығару шарттары анықталсын.

Күн тәртібінің 5 сұрағы бойынша «Банктің Ішкі аудит басқармасының 2015 жылға есебін қарау туралы».

Қабылданған шешім:

5. Банктің Ішкі аудит басқармасының 2015 жылға есебі назарға қабылдансын.

Күн тәртібінің 6 сұрағы бойынша « Банк клиенттері үшін жеке тарифтер белгілеу туралы»

Қабылданған шешім:

6.   Банк басқармасының шешіміне сәйкес (15.04.2016 жылғы №15 хаттамадан №7 үзінді) талаптармен Банк клиенті үшін жеке тарифтер белгілеу мақұлдансын.

Күн тәртібінің 7 сұрағы бойынша «Орта және шағын бизнестің кредит портфелі бойынша шек белгілеу туралы».

 Қабылданған шешім:

7. Басқарманың Орта және шағын бизнестің кредит портфелі бойынша шек белгілеу туралы ұсынысы (15.04.2016 жылғы №25 Басқарма шешімі) мақұлдансын.

Күн тәртібінің 8 сұрағы бойынша «Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымының бөлшек кредиттеу өнімдері бойынша жеке тұлғалардың төлемқабілеттілігін бағалау әдістемесін бекіту туралы».

Қабылданған шешім:

8.1. Директорлар кеңесі бекіткен (05.09.2014 жылғы № 26/2014 хаттама) Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымының бөлшек кредиттеу өнімдері бойынша жеке тұлғалардың төлемқабілеттілігін бағалау әдістемесі күшін жойды деп танылсын.

8.2. Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымының бөлшек кредиттеу өнімдері бойынша жеке тұлғалардың төлемқабілеттілігін бағалау әдістемесі бекітілсін.

Күн тәртібінің 9 сұрағы бойынша «Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен жасалуына мүдделілік бар мәмілелерді қарау туралы».

Қабылданған шешім:

9.1.   Мәміле жасау - 24.05.2011 жылғы К11-01 Шартына №9 қосымша келісім – Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен жасалуына - «МультиКарта» ЖШҚ мен Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымының осы хаттамаға 10 қосымшаға сәйкес талаптармен жасалуына мүдделілік бар мәміле жасау мақұлдансын.

9.2.   Мәміле жасау – Жеке тұлғаның ағымдағы есеп шот ашу туралы Қосылу шартына төлем карточкаларын ұстаушылар үшін қосымша қызмет көрсету, Visa International халықаралық төлем жүйесінің дебеттік төлем карточкаларын беру және пайдалану туралы Банкпен және Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен жасалуына мүдделілік бар Қосымша келісім мақұлдансын.

Күн тәртібінің 10 сұрағы бойынша «Операциялық тәуекелдің негізгі индикаторларының және операциялық тәуекелдің негізгі индикаторлары бойынша табалдырық мәндерінің тізбесін қарау туралы».

Қабылданған шешім:

10. Операциялық тәуекелдің негізгі индикаторларының және операциялық тәуекелдің негізгі индикаторлары бойынша табалдырық мәндерінің тізбесі мақұлдансын.

Күн тәртібінің 11 сұрағы бойынша «Банк клиентіне қаржыландыру лимитін белгілеуді мақұлдау туралы».

Қабылданған шешім:

11.       Банктің Директорлар Кеңесі жанындағы Кредит комитетінің 21.04.2016 жылғы №10 шешімімен анықталған талаптармен Банк клиентіне қаржыландыру лимитін белгілеу мақұлдансын.

12.       Банк клиентіне қаржыландыру лимитінің талаптарын өзгертуді мақұлдау туралы.

Қабылданған шешім:

12.       Банктің Директорлар Кеңесі жанындағы Кредит комитетінің 26.04.2016 жылғы №11 шешіміне сәйкес Банк клиентіне қаржыландыру лимитінің жекелеген талаптарын өзгерту мақұлдансын.

Күн тәртібінің 13 сұрағы бойынша «Банк клиентіне қаржыландыру лимитінің талаптарын өзгертуді мақұлдау туралы».

Қабылданған шешім:

13. Банктің Директорлар Кеңесі жанындағы Кредит комитетінің 26.04.2016 жылғы №11 шешіміне сәйкес Банк клиентіне қаржыландыру лимитінің жекелеген талаптарын өзгерту мақұлдансын.