Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның жалғыз акционері 25.04.2014 келесідей шешім қабылдады

11 мая 2014

1. «Акционерлік қоғамдары туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабы 1 тармағы 7 тармақшасына, 35 бабы 2 тармағы 1 тармақшасына және Банк Жарғысының 9.2. тармағы 9.2.11. тармақшасына сәйкес 2013 жылғы Банктің қаржылық есептемесі бекітілсін (осы Жалғыз акционердің Шешіміне № 1 Қосымша): 


   -  31.12.2013ж. қаржылық жағдайы туралы есеп; 
   -  31.12.2013ж. аяқталған жылға жиынтық табыстылығы туралы есеп; 
   -  31.12.2013ж. аяқталған жыл үшін капиталдағы өзгерістері туралы есеп;  
   -  31.12.2013ж. аяқталған жыл үшін ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп; 
   -  31.12.2013ж. қаржылық есептемеге түсіндірме жазба. 

2. «Акционерлік қоғамдары туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабы 1 тармағы 18 тармақшасына, 76 бабы 1 тармағына және Банк Жарғысының 9.2. тармағы 9.2.17 тармақшасына сәйкес 2013ж. Банктің қаржылық есептемесіне «Эрнст энд Янг» ЖШС тәуелсіз аудиторлардың есебі мәліметке алынсын (осы Жалғыз акционердің Шешіміне № 1 Қосымша). 

3. «Акционерлік қоғамдары туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына, 35 бабы 2 тармағы 2 тармақшасына және Банк Жарғысының 9.2. тармағы 9.2.12 тармақшасына сәйкес: 

   -  Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ таза табысы (Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 28 "в", БСН 080940010300, БСК VTBAKZKZ, корр. шоты KZ06125KZT1001302062 теңгеде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінде БСК NBRKKZKX, КБе 14) 2013 ж. 353 620 000 (үш жүз елу үш миллион алты жүз жиырма мың) теңге соманы Банктің жалғыз акционеріне- Банк ВТБ ААҚ (Ресей Федерациясы, 190000, Санкт-Петербург қ., Большая Морская к-сі, 29 үй) дивиденттерді төлеуге жіберсін;  

   -  Банктің бір жай акциясына 176,81 (жүз жетпіс алты) теңге және бір жай акцияға 81 (сексен бір) тиын мөлшерінде дивидендтің мөлшері бекітілсін; 

   -  Дивидендті төлеуге 12 мамыр 2014 жыл алғашқы күні болып белгіленсін. Дивидендтерді төлеу 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылсын; 

   -  Дивидендтер Банк ВТБ ААҚ банк шотына ақшасыз аудару арқылы қазақстандық теңгеде төленеді. Дивидендтерді төлеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес корпоративтік табыс салығы шегерілсін; 

   -  Банктің Басқарма төрағасына осы шешімді орындау бойынша барлық қажетті іс-әрекеттерді жүзеге асыруға табыстасын. 

4. «Акционерлік қоғамдары туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабы 1 тармағы 18 тармақшасына және 35 бабы 2 тармағы 3 тармақшасына және Банк Жарғысының 9.2. тармағы 9.2.17. тармақшасына сәйкес 2013 жылы Банктің іс-әрекетіне және оның лауазымды тұлғаларына Банк акционерінің өтініші жоқтығы туралы ақпарат мәліметке алынсын (осы Жалғыз акционердің Шешіміне № 2 Қосымша). 

5. «Акционерлік қоғамдары туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабы 1 тармағы 18 тармақшасына және 35 бабы 2 тармағы 3 тармақшасына және Банк Жарғысының 9.2. тармағы 9.2.17. тармақшасына сәйкес 2013ж. Банк Басқармасының және Банктің Директорлар Кеңесі мүшелерінің сыйақы құрамы және мөлшері туралы ақпарат мәліметке алынсын (осы Жалғыз акционердің Шешіміне № 3 Қосымша). 

6. «Акционерлік қоғамдары туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабы 1 тармағы 6 тармақшасына және Банк Жарғысының 9.2. тармағы 9.2.10 тармақшасына сәйкес «Эрнст энд Янг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2014ж. Банкте аудитті жүзеге асыратын тексеру ұйымы ретінде болып анықталсын. 

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Корпоративтік хатшысы А.В. Шатаевқа мына телефондар арқылы хабарласуыңызға болады: тел. +7 (727) 330-41-34.