Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның жалғыз акционері 25.02.2014 келесідей шешім қабылдады

3 марта 2014

1. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II Заңының 36 бабы 1 тармағы 5) тармақшасына және Банк Жарғысының 9.2. тармағы 9.2.9. тармақшасына сәйкес:

1.1.Банктің Директорлар Кеңесі құрамының 6 (алты) адам саны расталсын.

1.2. 2013 жылдың 26 ақпанынан бастап 2015 жылдың 25 ақпанына дейін қоса алғанда төменде көрсетілген Банктің Директорлар Кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі ұзартылсын:

- Якунин Михаил Леонидович (жалғыз акционердің өкілі);

- Смаков Всеволод Валерьевич (жалғыз акционердің өкілі);

- Коржов Максим Андреевич (жалғыз акционердің өкілі);

- Сизова Слава Ивановна (тәуелсіз директор);

- Кыдырбаев Досым Хамитович (тәуелсіз директор);

1.3. Банктің Директорлар Кеңесінің мүшесі Пиун Игорь Ивановичтің өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, оның өкілеттігі 2014 жылы «25» ақпанда тоқтатылсын.

1.4. 2014 жылдың «26» ақпанынан бастап Степанов Сергей Владимирович Банктің Директорлар Кеңесі мүшесінің міндетін атқаратын тұлға болып, кейін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісіп, сайлансын.

1.5. Банктің Директорлар Кеңесі мүшесінің міндетін атқарушы Степанов Сергей Владимировичтің өкілеттік мерзімі (Банктің Директорлар Кеңесінің мүшесі - уәкілетті органымен келіскеннен кейін) 2014 жылдың 26 ақпанынан бастап 2015 жылдың 25 ақпанына дейін қоса алғанда анықталсын.

2. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II Заңының 36 бабы 1 тармағы 1 тармақшасына сәйкес, жаңа редакцияда Банк ВТБ Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымының Жарғысы бекітілсін (осы Жалғыз Акционердің Шешіміне № 3 Қосымша).

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Корпоративтік хатшысы А.В. Шатаевқа мына телефондар арқылы хабарласуыңызға болады: тел. +7 (727) 330-41-34.