Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары

Жалпы сипаты Агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъекттерінің кредиттері жөніндегі сыйақы мөлшерлемесі бойынша субсидия алу 
Қарыз алушы Қаржы институтымен қарыз шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға, дара кәсіпкер (оның ішінде шаруа (фермер) қожалығы);
Қаржыландыру мақсаты

Инвестициялар:

- ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықты сатып алу,

- ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу,

- негізгі құралдарды сатып алу,

- құрылыс

(ұн, минералды сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда)

айналым қаражатын толықтыру
Субсидиялау мөлшері

Кредиттік шарттар бойынша ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықты сатып алуға арналған, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алуға, құрылысқа сыйақы мөлшерлемелерінің мынадай нормативтер бойынша төмендеуі жүзеге асырылады:

- теңгемен жылдық 10 (он) %-ға;

- Ресей рублімен жылдық 8 (сегіз) %-ға;

- шетелдік валютамен жылдық 2 (екі) %-ға.

Сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 4%-дан (төрт), Ресей рублімен жылдық 3%-дан (үш), өзге валютамен жылдық 2%-дан (екі) төмен төмендетуге жол берілмейді.

Кредиттік шарттар бойынша айналым қаражатын толықтыруға сыйақы мөлшерлемелерінің мынадай нормативтер бойынша төмендеуі жүзеге асырылады:

- теңгемен жылдық 5 (бес) %-ға;

- Ресей рублімен жылдық 4 (төрт) %-ға;

- шетелдік валютамен жылдық 1 (бір) %-ға.

Сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 7 (жеті) %-дан, Ресей рублімен жылдық 6 (алты) %-дан, өзге валютамен жылдық 4 (төрт) %-дан төмен төмендетуге жол берілмейді.
Субсидияларды ұсыну мерзімі

Қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарттың бүкіл қолданылу мерзімінде жүзеге асырылады.

* Бұл ретте, бұрын жасалған қарыз шарты бойынша субсидияларды есептеу Жұмыс органы ұсыныс бойынша шешім қабылдаған күннен басталады.
Қағидалар мен жұмыс туралы толығырақ www.qoldau.kz порталында біле аласыз
www.qoldau.kz