2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба кепілдік қамтамасыз ету жетіспеген жағдайда сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды және кепілдік беруді көздейді.



Портфельдік субсидиялау жөніндегі жобаларды субсидиялау шарттары

Қатысушылар

Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері

Салалар

Салалық шектеусіз

Кредиттеудің ең жоғарғы сомасы

инвестицияларға 20 миллион теңгеден артық емес, айналым қаражатын толықтыруға 5 миллион теңгеден артық емес

Кредит бойынша субсидиялау мөлшері

ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі + 7%, оның 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды

Моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобалар, ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі + 7%, оның 5%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды

Кредиттеу мерзімі

Инвестициялар – субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жыл

Айналым қаражатын толықтыру – субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 2 жыл


Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның «Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты шеңберінде жобаларды субсидиялау шарттары.

Қатысушылар

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері экономиканың басым секторларында өз және тиімді жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер / индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері .

Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде салалық шектеусіз іске асырылатын жобалар

Салалар

Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендердегі, оның ішінде моно және шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі жобалар үшін – салалық шектеулерсіз

Кредиттеудің ең жоғарғы сомасы

3 млрд. теңгеден артық емес.

Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде жобалар бойынша 1,5 млрд. теңгеден аспайды.

Кредит бойынша субсидиялау мөлшері

ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі + 5%, оның 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды

Кредиттеу мерзімі

Инвестициялар – субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жыл;

Айналым қаражатын толықтыру – субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 жыл

Қайта қаржыландыру

Бірінші кредит берілген күннен бастап 2 жылдан аспайтын мерзімдегі кредиттер

Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.

Кепілдендіруге экономиканың басым секторларында өз жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, кәсіпкерлер жатады



Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде кредитке кепілдік беру шарттары.

Кепілдіктің максималды мөлшері

кредиттің 85%-на дейін

Кредиттің ең жоғары мөлшері

1 млрд. теңге

Ең ұзақ кепілдік мерзімі

кредит мерзімінен артық емес

500 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша жобаға өзінің қатысуы

жобаны іске асырудың жалпы құнының 10%-ынан төмен емес деңгейде меншікті қаражат (ақша қаражаты, жылжымалы/жылжымайтын мүлік), оның ішінде үшінші тұлғалардың мүлкі

Толығырақ – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ сайтында https://damu.kz/kz/programmi/