Қарапайым заттар экономикасы немесе Басым жобаларға кредит беру механизмі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды, сондай-ақ кепілдік беру кепілдік қамтамасыз ету жетіспеген жағдайда сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мен кепілдік беруді көздейді.



Кәсіпкерлік субъектісі

Жеке кәсіпкерлік субъектілері (ЖК, шағын, орта және ірі бизнес)

Салалар

Өңдеуші өнеркәсіптегі және көрсетілетін қызметтер саласындағы, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді өндіру мен қайта өңдеудегі экономиканың басым секторлары

Жобалардың нысаналы мақсаты

  • инвестицияларға;
  • айналым қаражатын толықтыруға.

Бір қарыз алушы үшін ең жоғарғы сома

Шектеусіз

Валюта

Теңге

Субсидиялау мерзімі

  • инвестицияларға – 10 жыл, субсидиялау мерзімін әрі қарай ұзартусыз;
  • айналым қаражатын толықтыруға – 3 жыл, субсидиялау мерзімін әрі қарай ұзартусыз.

Сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық 15%, оның 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды

Толығырақ – «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ сайтында https://damu.kz/kz/programmi/