НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КЛИЕНТТЕР ДЕРЕКТЕРІН ЖАҢАРТУ!

Құрметті клиенттер!

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ (бұдан әрі - Банк) біздің Банкті таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреді және Сіздің жетістіктерге жетіп, гүлдене беруіңізді тілейді!

Осы арқылы Банк Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚІ туралы Заң) 5-бабының 1-т. және 3-т. 6-тш. сәйкес Банк өзінің клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚІ туралы заңнамасына сәйкес тиісінше тексеру бойынша, соның ішінде клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру және оларды жаңарту шараларын жүзеге асыру арқылы шараларды қолдануы қажет екендігін хабарлайды.
КЖ/ТҚҚІ туралы Заңның аталған бабының 5-тармағына сәйкес, Банк Клиенттен (оның өкілінен) клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру, бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуын, сондай-ақ салықтық резиденттілігі, қызметінің түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді ұсынуын талап етуге құқылы.
Сондай-ақ, Клиенттер (олардың өкілдері) Банктің аталған Заңда көзделген міндеттемелерін орындауына қажетті ақпаратты және құжаттарды, оған қоса бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты да ұсынуы міндетті.

Жоғарыда аталғандарға байланысты, Сізден Сауалнаманы толтыруыңызды және оның қағаздағы түпнұсқасын Банкке ұсынуыңызды сұраймыз. Қосымша кредиттік ұйым болып табылмайтын заңды тұлғалар – клиенттер үшін FATCA мақсаттарына арналған қосымша Өзін-өзі сертификаттау нысанын (бұдан әрі – Сертификаттау нысаны) толтыру және Банкке ұсыну қажет.
Сонымен бірге Сіз Банк бөлімшесіне келіп, менеджер ұсынатын Сауалнаманы толтыра аласыз.

Оған қоса, Сауалнаманы және Сертификаттау нысанын толтырар алдында міндетті түрде оның Жадынамасымен танысуыңыз қажет екендігіне назар аударыңыз.

Сіз салықтық резиденттілігіңіз туралы мәліметтерді ұсынудан бас тартқан жағдайда, Банк FATCA талаптарына және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Сіздің компания туралы ақпаратты АҚШ салық қызметіне табыстау мақсатында ҚР мемлекеттік органдарына ұсыну міндеттемелерінің туындауы әбден мүмкін екендігін қосымша хабарлаймыз.
Аталғандардан өзге, КЖ/ТҚҚІ туралы Заңның 13-бабының 1-т. сәйкес, Сіздің Банк сұратқан мәліметтерді ұсынбауыңыз Банктің қаржылық қызметтер көрсетуден бас тартуына әкелуі мүмкін.

Түсіністікпен қарайтыныңызға және өзара тиімді серіктестікті одан әрі жалғастыратынымызға үміттенеміз.


Заңды тұлғаларға арналған сауалнама

Жеке кәсіпкерлерге арналған сауалнама

Жеке тұлғаға арналған сауалнама

Өзін-өзі сертификаттау формасы