Шағын бизнеске арналған банк кепілдігі

foto.jpgБанк кепілдігі - келісімшартты/ шартты қамтамасыз ету үлгісі, банк үшінші тараптың алдында клиенттің міндеттемелерін орындауға кепілдік береді. Контрагенттерге бір бірінің төлеу қабілеттігі белгілі болмаған және олар мәміле бойынша өз тәуекелдеріне шектеу қойғысы келген кезде, сол уақытта банк кепілдігіне қажеттілік туындайды.   

Шағын бизнесті кредиттеу технологиясының негізінде қаржы қызметтерін ұсынуға халықаралық тәжірибесі бар. Бұл технологияның басты аспектісі — клиент бизнесінің нақты жағдайы туралы деректер негізінде жүргізілетін қарыз   алушының кредитті төлеу қабілеттігіне қаржылық талдау жүргізу. Талдау жүргізу кезінде банктің қызметкері қажетті кеңес беріп, басқарушылық есептеменің бірдей үлгісін жасауға көмектесіп, дұрыс баға береді. Банк ВТБ (Қазақстан) кредит технологиялары кредитті төлеу қабілеттігін бағалап, қысқа мерзім ішінде банк кепілдігін ұсыну  туралы шешім қабылдайды.

 

Өнімнің мақсатты аудиториясы 

Заңды тұлғаның құрылуынсыз қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар –шағын бизнестің субъектілері.

Біздің сайтта банк кепілдігін алу үшін алдын ала өтінімді толтыруға мүмкіндіктеріңіз бар, және біздің менеджерлер банк кепілдігін ұсыну шарттарын анықтау үшін хабарласады. 

 

Банк ВТБ (Қазақстан) банк кепілдігінің түрлері

  • Тендерлік кепілдік; 
  • Міндеттемелерді орындау үшін пост тендерлік кепілдік; 
  • Төлеу кепілдігі; 
  • Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау кепілдігі; 
  • Алғы төлемді қайтару кепілдігі; 
  • Алғы төлемді мақсаттық пайдалану кепілдігі.

 

Кепілдік сомасы

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ клиенттеріне арналған:

  • Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын сақтау кезінде Принципал және Бенефициар арасында жасалған тендерлік құжаттама/ келісімшарт/ шарттың талаптарына сәйкес; 
  • Сома Клиенттің қажеттілігін, оның қаржылық жағдайының талдауын ескере отырып, анықталады (100% ақшалай депозитпен жабу кезінде – қаржылық талдау жүргізілмейді); 
  • Кепілдік сомасы шот бойынша таза орта айлық айналымнан 70% аспау қажет.

 

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ әлеуетті клиенттеріне арналған:

  • Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын сақтау кезінде Принципал және Бенефициар арасында жасалған тендерлік құжаттама/ келісімшарт/ шарттың талаптарына сәйкес; 
  • Сома Клиенттің қажеттілігін, оның қаржылық жағдайының талдауын ескере отырып, анықталады (100% ақшалай депозитпен жабу кезінде – қаржылық талдау жүргізілмейді); 
  • Кепілдік сомасы шот бойынша таза орта айлық айналымнан 70% аспау қажет; 
  • Жеке банк операцияларының түрлерін жүзеге асыратын банкпен және ұйымдардан клиентпен алынған қарыз қаражатының көлемін шегеріп, ұсынылатын кепілдік сомасы клиенттің орта жылдық активтер құнынан 50% аспау қажет.

 

Кепілдік валютасы 

  • Кепілдіктер Қазақстан Республикасы резидентінің пайдасына (егер резидент принципал болып табылса) ұлттық валюта – теңгеде ұсынылады;
  • Кепілдіктер Қазақстан Республикасы бейрезидентінің пайдасына ұлттық және шетел валютасында – АҚШ доллары, Еуро, ресей рублі және басқа да валютада ұсынылады, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын сақтау кезінде Принципал және Бенефициар арасында жасалған келісімшарт/ шарттың талаптарына сәйкес.

 

Кепілдік міндеттемелер мерзімі 

Мерзім операция шегінде мәміле шарттарының немесе тендерлік құжаттама талаптарына тәуелді белгіленеді.

 

Қамтамасыз ету*

  • Жабылған банк кепілдіктері Банк кепілдігіне тапсырылған 100% ақшалай жабумен қамтамасыз етілуі тиіс. 
  • Жабылмаған кепілдіктер – нақты кепілзат түрінде басқа қамтамасыз етуді ұсынып (қамтамасыз ету Банктің Кепілзат саясатына сәйкес келуі тиіс).* Бланктік тендерлік кепілдіктер.

 

Егер Сіз банк кепілдігін алуға шешім қабылдасаңыз,

  • Банк ВТБ (Қазақстан) хабарласыңыз немесе сайтта алдын ала өтінімді толтырыңыз; 
  • Біздің сарапшымен кездесіп, Сізге қажетті сауалдарды сұраңыз; 
  • Сарапшыдан кепілдікті ұсыну шарттары бойынша және құжаттар пакетін алу үшін кеңес алыңыз.