Шағын бизнес субъектілеріне арналған автонесие

Сатып алынатын автокөлікке қойылатын талаптар

Бірінші нарық:

  • Ресейде өндірілген жаңа автокөлік;
  • Арнайы техника – жаңа;
  • Шетелде өндірілген, сондай-ақ Қазақстанда құрастырылған, пайдалану мерзімі 13 жылға дейінгі автокөлік.

 

Екінші нарық:

Шетелде өндірілген, сондай-ақ Қазақстанда құрастырылған, пайдалану мерзімі 13 жылға дейінгі автокөлік.

Ескерту: Қытайда өндірілген автокөлік қабылданбайды.

 

Несие валютасы

Теңге, АҚШ доллары, ресей рублі

 

Несие сомасы

  • Ең аз сома – 450 000 теңге немесе 3 000 АҚШ доллары/ресей рубліндегі баламасы.
  • Ең көп сома – 45 000 000 теңге немесе 300 000 АҚШ доллары/ресей рубліндегі баламасы.

Ескерту: Несие сомасы алғашқы жарна шегеріліп, көлік құралының құнынан (егер қарастырылса) аспау керек.

 

Несие берілетін мерзім

Несие берілетін ең қысқа мерзім – 3 ай.

Ең ұзақ мерзім:

Бірінші нарық:

  • Ресейде өндірілген автокөлік – 60 ай;
  • Шетелде өндірілген автокөлік – 60 ай;
  • Шетелде өндірілген пайдалану мерзімі 10 жылдан 13 жылға дейінгі автокөлік – 36 ай.

Екінші нарық:

  • Шетелде өндірілген пайдалану мерзімі 10 жылға дейінгі автокөлік – 60 ай;
  • Шетелде өндірілген пайдалану мерзімі 10 жылдан 13 жылға дейінгі автокөлік – 36 ай.

 

Ең аз алғашқы жарна

Несие Қарыз алушының төлем қабілеттілігі бағаланбай қарастырылса, ең аз алғашқы жарна сатып алынатын автокөлік құнының кем дегенде 40% құрауы керек.

 

Төлем қабілеттілік бағаланған жағдайда ең аз алғашқы жарна:

  • бірінші нарық: сатып алынатын автокөлік құнының 15% (жүк автокөлігі және арнайы техника үшін – 20%);
  • екінші нарық: сатып алынатын автокөлік құнының 30%.

Ескерту: алғашқы жарна төленбей несие беруге жол беріледі, бірақ кепіл құны алғашқы жарнаның белгіленген мөлшерінің орнын толтыратын қосымша қамтамасыз ету рәсімделуі керек.

 

Кепіл қамтамасыз етуі

Кепілге сатып алынған автокөлік рәсімделеді. Банктің Несие комитетінің шешімі бойынша қосымша қамтамасыз ету ретінде басқа жылжымалы/жылжымайтын мүлік қабылдануы мүмкін.

 

Сақтандыру жөніндегі талап

Банк келісіммен белгілеген талаптарда КАСКО негізгі тәуекелдері (айдап кету, шығын) бойынша сатып алынатын автокөлікті міндетті сақтандыру, қосымша қамтамасыз етуді Банктің уәкілетті органының шешімі бойынша сақтандыру

 

Берешекті өтеу

  • аннуитетті төлемдер (ай сайын несие сомасы мен есептелген сыйақы сомасын қамтитын теңдей төлем сомасы бойынша);
  • ай сайын теңдей үлестермен негізгі қарызды және есептелген сыйақыны өтеу.