Қызметтер

Online VTB – қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі, бұл Сіздің шоттарыңызға және (олар бойынша) операцияларыңызға тәулігіне 24 сағат аптасына 7 күн қолжетімділік. Кез-келген уақытта Сіз ұялы телефон қызметін, коммуналдық қызметтерге, кабельдік телевизия қызметін төлей аласыз, ақшалай аударымдарды жүзеге асыруға және басқа да көптеген қызметтерді жүзеге асыруға мүмкіндігіңіз бар. Сонымен бірге Банк Бөлімшесіне келудің ешбір қажеттілігі жоқ, Online VTB қызметін үйде, кеңседе немесе үй-жайдан тыс жерде, Интернет желісіне қосылған кез-келген компьютерден пайдалануға болады.

 

 


SMS-хабарлама

Сіздің төлем карточкаңызбен операция жүргізу барысында телефонға SMS-хабарлама алу мүмкіндігі.

Банк ВТБ (Қазақстан) төлем карточкасының кез- келген иесі SMS-хабарлама қызметіне банкомат арқылы (Visa Virtuon-ды қоспағанда) немесе Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшесінде қосыла алады. Банкомат арқылы қосылу:

1. Банк ВТБ (Қазақстан) кез-келген банкоматына, ұялы телефоннан ол туралы ақпарат келуін қалайтын картаны салыңыз.

2. Кезекпен банкомат экранында SMS-хабарлама қызметін таңдап алыңыз - Жазылу.

3. Сізге Банк SMS-хабарлама жіберетін ұялы телефон нөмірін қызмет көрсететін оператордың кодымен бірге көрсетіңіз және SMS-хабарлама қызметін ұсыну шарттарымен келісіңіз.

4. Чекті алыңыз. Чекте көрсетілген ұялы телефон нөмірінің дұрыстығын тексеріңіз. Егер нөмірде қателік жіберілген жағдайда немесе телефон нөмірі оператордың кодынсыз көрсетілсе —банкомат арқылы «SMS-хабарлама» қызметінен бас тарту» рәсімін өткізіңіз, содан кейін қайтадан тіркеуден өтіңіз.

Банк бөлімшесі арқылы қосылу:

Сізге жақын орналасқан Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшесіне келіңіз және SMS-хабарлама қызметін қосуға арналған Өтінішті толтырыңыз.

Шотты толықтыру

Банк бөлімшесі арқылы кез-келген уақытта шотты толықтыру, сонымен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету электронды құрылғы арқылы толықтыру.

 

 

 

   

Аударымдар

Өзіңіздің төлем карточкаңыздан ҚР кез-келген Банкінің Visa карточкасына қолма-қолсыз аударымдарды жүзеге асыру.

Өзіңіздің Банк ВТБ (Қазақстан) берген Visa карточкаңызға басқа Банктердің төлем карточкаларынан қолма-қолсыз аударымдар алу.

 

 

 

Банкомат арқылы қолжетімді операциялар (Visa Virtuon-ды қоспағанда)

1. Банктің ішінде, ағымдағы және депозиттік шоттарға картадан картаға аударым жасау.

2. кез-келген ҚР Банкінің Visa төлем карточкасына аударым жасау

3.операциялар туралы SMS –хабарламаны қосу;

4. автоматты түрде қызметтерді төлеу: ұялы байланыс операторларының; кабельдік телевизия қызметтері; телефония; интернет – провайдерлердің қызметтері;

5. ПИН-кодты ауыстыру.

ПИН-кодты ауыстыру (Visa Virtuon-ды қоспағанда)

Сіздің ақша қаражаттарыңыздың қауіпсіздігін жоғарылату үшін, Банктің банкоматтары арқылы ПИН кодты ауыстыру мүмкіндігі .

Банкомат арқылы ПИН-кодты ауыстыру:

1.төлем карточкасын банкоматқа салыңыз;

2. қолданыстағы ПИН-кодты енгізіңіз;

3. банкомат мәзірінен «ПИН-кодты ауыстыру» операциясын таңдаңыз;

4. банкомат экранынан Банктің тарифтері бойынша комиссия ұсталатындығы туралы ескертуді оқыңыз, келіскен жағдайда "Жалғастыру" батырмасын басыңыз, келіспеген жағдайда «Бас тарту» батырмасын басыңыз;

5. жаңа ПИН-кодтың 4 (төрт) таңбалы цифрін енгізіңіз;

6. жаңа ПИН-кодты енгізуді қайталаңыз.