Эквайринг

Сауда эквайрингі – бұл, сауда-сервистік кәсіпорындарға, тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлем жүргізетін құрал ретінде, VISA халықаралық жүйесінің банктік карталарын қабылдауға мүмкіндік беретін банктік қызмет түрі.

Бұл неге тиімді:

  • Сіздің ұйымыңыздың бәсекеге қабілеттілігі арта түседі, жаңа клиенттер - банк карталарын ұстаушыларды тарту есебінен айналым артады;

  • Клиенттер Сізге қомақты ақша жұмсай алады және мұны жиірек жасайтын болады, себебі олар қолма-қол ақшамен шектелмеген;

  • Банк карталарын ұстаушылар жоспарламаған сатып алу жасауға жылдам шешім қабылдайды;

  • Инкассацияға, қолма-қол ақшамен жұмысқа және т.б. жұмсалатын уақыт және шығын қысқарады;

  • Төлемдердің қауіпсіздігі (жалған ақшаны қабылдау, сауда орындарында ақша ұрлату немесе жоғалту қауіпі, өрт, кассирдің қателесуі, жұмыс соңында ақшаны қайта есептеу және т.с.с);

  • Сату деңгейін жоғарылататын, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ жарнама компанияларына және халықаралық төлем жүйелеріне қатысу;

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ –мен сауда эквайрингі бағдарламасы бойынша жұмыс істеудің артықшылықтары:

  • Сіздің ұйымның есеп айырысу шотына ақшалай қаражаттарын өтеудің минималды мерзімдері – банк картасы бойынша операция жүргізу күнінен кейін, 3 жұмыс күніне дейін;

  • Қызмет көрсету үшін оңтайлы комиссия;

  • Қажетті жабдықтарды тегін орнату, сонымен қатар барлық қажетті жарнамалық және шығын материалдарын беру;

  • Сіздің ұйымыңыздың жұмысшыларын тегін оқыту;

  • Жабдыққа сервистік қызмет көрсетуді және ақпараттық-анықтамалық қолдауды жүзеге асыру.

Сіздің кәсіпорында POS-терминал орнату үшін не істеу қажет?

  • Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның кез-келген бөлімшесіне келу;

  • Қажетті құжаттар тізімін беру;

  • Шартқа қол қою;

  • Стандартты ішкі тексеру рәсімінен өту.