Жиі қойылатын сұрақтар

       Сұрақ 

    Жауап 

1

1.     Төлем карточкасын алу үшін қандай құжаттар қажет?

Резидент үшін:

Төлқұжат немесе жеке куәлік.

Бейрезидент үшін:

Жеке тұлғаны куәландыратын құжат (шетелдік азаматтың төлқұжаты; миграциялық карточка, тіркеу туралы куәлік, ҚР-да алынған ЖСН).

2

2.      Қандай картаны ашқан артығырақ (атаулы немесе лездік)?



Пайдалану ыңғайлылығы үшін Сізге атаулы картаны ашуды ұсынамыз, бұл жағдайда картада сіздің Есіміңіз бен Тегіңіз көрсетілетін болады. Картада көрсетілген деректер кезінде Сізде көбірек артықшылықтар болады, Сіз картаны интернет желісінде, дүкендер желісінде және т.б. пайдалана аласыз, онда төлемдер төлем терминалы арқылы өтеді және онда картада көрсетілетіндей, Сіздің деректеріңіздің көрсетілуі қажет.

Лезде берілетін карталармен (атаулы емес) интернет/дүкендер/ POS терминалдар желісінде қызмет көрсету кезінде қиындықтар туындауы ықтимал, себебі картаны сәйкестендіру мүмкін емес болады, себебі картада Сіздің деректеріңіз (ТАӘ) көрсетілмейді, осы карточкалардың басты артықшылығы шотты ашу және Банкке жүгінген уақытта оны лезде алу.

3

Карточканы неше жастан бастап ашуға болады?

Негізгі Төлем карточкаларын шығару олар Төлем карточкасын шығару және Ағымдағы шотты ашу үшін қажетті құжаттарды ұсынған уақытта 16 жасқа толған жеке тұлғалар үшін ғана жүзеге асырылады. Қосымша картаны 14 жастан кіші емес тұлғаларға ашуға болады.

4

3.     Карточканы сенімхат бойынша ашу мүмкін бе?

Сіз карточканы сенімхат бойынша аша аласыз. ҚРҰБ 2000 жылғы 2 маусымдағы №166 «Қазақстан Республикасы Банктерінде Клиенттердің банктік карточкаларын ашу, жүргізу және жабу ережелерінің» 18 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, белгілі үшінші тұлға-клиенттің атына төлем карточкасын ашу үшін сенімді тұлға Банк бөлімшесіне ұсынуы тиіс:

* Клиент өкілетті жеке тұлға (өкіл) атына банктік шотты ашу және төлем карточкасын шығару және (немесе) банктік шотқа, банктік шоттағы ақшаға, төлем карточкасына билік ету құқығына берген, сонымен қатар, өкілдің Клиент атынан Банктің Клиенттің дербес деректерін өңдеуіне, Банктің Төлем карточкасын беру және пайдалану туралы Шартта көрсетілген тұлғаларға коммерциялық және заңмен қорғалатын, оның ішінде, банктік құпиядан тұратын басқа ақпаратты ұсынуына келісімін ұсыну туралы шарттан тұратын нотариалды куәландырылған сенімхат, сенімхатты ұсыну өкілетті тұлғаға заңнамамен (ата-аналарға немесе басқа заңды өкілдерге) сәйкес талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда;  

*он алты жасқа толмаған, кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалар – клиенттер үшін, - туу туралы куәлік;

* өкілдің жеке тұлғасын куәландыратын құжат;

* Клиенттің жеке тұлғасын куәландыратын құжат;

* Банктің талаптарымен сәйкес ресімделген, өкіл қолының үлгісі бар құжат.

5

Егер менің төлем карточкамның шоты доллармен жүргізілетін болса, онда мен шетелде ақшаны қандай валютада және қандай бағам бойынша аламын?

Егер банкомат шетелдік валюта беруге бапталмаған болса, Сіз қолма-қол ақшаны барған еліңіздің валютасымен алатын боласыз. Яғни, Қазақстанда – теңгемен, АҚШ-та – доллармен, Еуропада – еуромен. Айырбастау бағасы Visa International халықаралық төлем жүйесімен анықталады және АҚШ доллары арқылы өтеді. Көптеген жағдайларда ол Сізге ақша айырбастау пункттерінде ұсынылатын бағамдардан әлдеқайда оңтайлы. Кейбір елдерде айырбау бағамдарындағы ұтыс сомадан 3%-ға дейін құрайды!

6

Менен басқа біреу менің төлем карточкамның шотына ақша сала алады ма?

Иә, Клиент – жеке тұлғаның Ағымдағы шотын толықтыру Ағымдағы шот жүргізілетін валютада кез-келген жеке және/немесе заңды тұлғадан қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз аударымдар жолымен жүзеге асырылады, бұл ретте ақшаны жіберуші төлем карточкасын Ұстаушының Төлем карточкасының деректемелерін (Төлем карточкасының / Төлем карточкасының Ағымдағы шотының нөмірі/ Клиенттің Т.А.Ә./ЖСН) білуі тиіс.

7

Банк ВТБ24 Клиенттері менің Банк ВТБ (Қазақстан) карточкама ақша жібере алады ма?

Иә, егер Банк ВТБ24 VISA to VISA қызметін көрсететін болса. Себебі Банк ВТБ24 жеке қаржылық ұйым болып табылады, көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты тікелей Банк ВТБ24 жүгіну арқылы білуге болады.

Төлем карточкасын аударым операциялары арқылы толықтыруға болады. Бұл үшін эмитент Банктің деректемелерін, төлем карточкасының нөмірін және төлем карточкасы шотының нөмірін, сонымен қатар, Клиенттің ТАӘ білу қажет.

8

4.     Картаны ҚР әртүрлі аймақтарынан толықтыру мүмкін бе немесе бұл дәл аударым болады ма?

Егер төлем карточкасы Банк ВТБ Қазақстан АҚ ЕҰ-да шығарылған болса, онда оны Банк ВТБ Қазақстан АҚ ЕҰ филиалының кез-келген бөлімшесінде толықтыруға болады. Бұл үшін картаның нөмірін және төлем карточкасы шотының нөмірін білу қажет.

Егер төлем карточкасы басқа Банкпен шығарылған болса, онда оны аударым операциялары арқылы толықтыруға болады. Бұл үшін алушының ТАӘ, эмитент Банктің деректемелерін, төлем карточкасының нөмірін және төлем карточкасы шотының нөмірін білу қажет, бұл ретте жіберушінің шоты мен алушының шоты бірдей валютада ашылған болуы тиіс.

9

5.     Қаражатты картаға келесі сайттардан шығару мүмкін бе - Web Money, QIWI әмиян, Яндекс мани, Pay Pal?

WebMoney электронды әмиянынан қаражатты шығару үшін PaySpark картасын пайдалану қажет, оған тікелей WebMoney-ден тапсырыс беру қажет.

QIWI әмияннан Банк ВТБ (Қазақстан) карталарына қаражатты шығаруға болады, операция V2V (Visa to Visa) ақша аударымы ретінде өтеді.

Яндекс мани –ден де ақшаны V2V арқылы шығаруға болады.

PayPal –дан ақшаны шығаруға болады, бірақ бұл үшін премиум аккаунт қажет.

Бұл шеттегі сервис болғандықтан, аталмыш ақпаратты компаниялардың өзінен алуға болады. Банктің карталары кез-келген толықтырулар үшін қолжетімді.

10

6.     ҚР аймақтары үшін картаның жасалу мерзімі қандай?

Төлем карточкасы 5-7 жұмыс күні ішінде шығарылады және Клиентке беріледі. Карталарды жедел шығару, жеделдік үшін комиссия төленген уақытта, шығаруға өтініш тапсырылып және төлем карточкасына қызмет көрсетілгеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде (Алматы қ. үшін ғана), форс-мажорлық жағдайларды қоспағанда.

11

7.    Қосымша картаны атаулыға айналдыруға болады ма, немесе барлық қос. карталар негізгі ұстаушы атына ашылады ма?

Қосымша төлем карточка атаулы болып табылады және негізгі ұстаушымен (шот иесі) қатар, негізгі карточканы ұстаушы көрсеткен Клиенттің атына ла шығарылады. Операциялар бойынша лимиттерді анықтауға немесе өзгертуге негізгі төлем карточкасын ұстаушы (шоттың иесі) ғана құқылы.

12

Егер Клиент картадан ақшаны шешу кезінде банкомат соманы бермей, бірақ ақша есептен шығарылса, Клиентке не істеу керек? Осындай жағдай уақыттың қандай кезеңі ішінде қаралады?

Клиентке Банк бөлімшесінің менеджеріне даулы жағдай туралы өтініш жазу қажет. Өтініштің қаралу мерзімі жағдайдың күрделілігіне тәуелді, 3 күннен асуы мүмкін. Өтініштің қаралуының максимальды мерзімі 45 күн, жекелеген жағдайларда қызметтік тергеу жүргізілген уақытта 90 күнге дейін алуы мүмкін.

13

ВТБ24 банкоматында қызмет көрсетілген уақытта, мысалы карта бойынша анықталған лимит 20 000 долллар, ал банкоматтың өзінің лимиті 10 000 рубль. Егер Клиент 5000 доллар соманы шешіп алғысы келсе, ол оны бірнеше бөліктермен 10 000 рубльден шешетін болады, әрбір қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайызбен қатар, Клиентте алынған сомадан 5% блоктала ма?

Иә.

14

Интернет желісінде тауарлар мен қызметтерді сатып алу/төлеу үшін қызмет көрсету кезінде, бөтен терминалдардағы төлемдерде Банк пайдаланылған соманың 5%-ын блоктайды. Бұл қандай блоктау? Неге 5% блокталады?

Банк Сіздің картаңыздың қауіпсіздігі үшін, Сіздің картаңыздың минусқа кетпеуі үшін (овердрафт) (сома егер операцияның валютасы шоттың валютасынан басқаша болса ғана блокталады), Сіз төлейтін сомадан 5%-ды блоктайды. Қаржылық растама алынғаннан кейін Банк есептен шығаруды орындайды, осыдан кейін айырбастау үшін комиссия (болған уақытта) есептен шығарылады, қалған сома Сіздің картаңызға қайтарылады. Есептен шығару 1 бастап 30 күнге дейін орындалады, Банктің корреспондент банктерден растаманы алу жылдамдығына тәуелді, қаржылық растама алынғаннан кейін есептен шығару сол күні орындалады. Айырбастау есептен шығару сәтінде қолданылған бағам бойынша өтеді. Бағам VISA төлем жүйесімен анықталады, нарықтық бағамға жақындатылған. Айырбастау бағамын алдын ала ешкім айта алмайды, Сіз операция толық өтіп және біз есептен шығару қандай бағам бойынша өткендігін тексергеннен кейін бізге қоңырау шала аласыз.

15

Техникалық карточкалық овердрафт деген не?

Бұл Өкілетті тұлға жүзеге асырған, Карточканы пайдалана отырып орындалған, валюталар бағамдарының тербелістері нәтижесінде, сонымен қатар, Карточкаға қызмет көрсетудің технологиялық ерекшеліктерімен байланысты басқа жағдайларда пайда болған, Карточка шотында есепке алынатын, ақшаны шығындаудың / қалдығының анықталған Лимиттен карточкалық операция сомасының Банкпен келісілмеген артылуы.

16

Егер Клиент картаны терминал арқылы пайдаланып, дүкеннің сатушысы картаны 2 рет өткізіп, сома 2 рет есептен шығарылса не істеу керек? Екінші операцияны қалай болдырмауға болады, Клиентке не істеу керек?

Операциялық күн ішінде дүкеннің сатушысына / әкімгеріне жүгініп және чекті ұсынып, POS-терминал арқылы қате операцияны қайтаруды орындау немесе егер операция басқа күні өткізілген болса, Банк бөлімшесіне жүгінуге болады.

17

Қандай сауда нүктелері төлеуге Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ төлем карточкаларын қабылдайды?

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ карточкалары Visa логотипі бар барлық құрылғыларда қабылданады

18

Мен Банк ВТБ (Қазақстан) карточкасын пайдалана отырып Интернетте төлей аламын ба?

Иә. Тұрақты қатынау мүмкіндігін қосу үшін картаны ұстаушыға Банктің бөлімшесіне жүгініп және интернет желісінде сатып алуларға қатынау мүмкіндігін ашуға өтініш жазу қажет. Банкке телефон арқылы жүгіну кезінде, қатынау мүмкіндігі 1 күнге, ағымдағы күннің 24:00 дейін ашылады

19

3-D Secure деген не?



Бұл Visa International төлем жүйесінің сервистік қызметі, ол Клиенттерге Банк шығарған VISA карталар бойынша қорғалған режимде Интернет желісінде есеп-айырысулар орындауға мүмкіндік береді. Клиентті (Клиент картасын) 3-D Secure-ге қосу тегін жүзеге асырылады.

20

3-D Secure – ді Қазақстан Республикасының ұялы байланыс операторлары болып табылмайтындарға қосуға болады ма?

3-D Secure қызметін қосу Қазақстандық ұялы операторларға ғана мүмкін. Егер Сіз ҚР шегінен тыс сапар шегуді жоспарласаңыз, Сізге роуминг қызметін қосуды ұсынамыз.

21

Егер мен төлем карточкамды жоғалтып алсам не істеу керек?

Төлем карточкасы жоғалтылған жағдайда, дерек Банк бөлімшесіне жүгініп немесе авторландыру Тобына қоңырау шалып және өзіңіздің төлем карточкаңызды блоктау қажет. Осыдан кейін Сізге Банкке Өзіңіздің карточкаңызды қайта шығару туралы өтінішпен жүгіну қажет. Сіздің төлем карточкаңыз ең жақын мерзімде қайта шығарылатын болады, және Сіз Өзіңіздің ақшаңызды қайта пайдалана аласыз. Осы арқылы Сіз төлем карточка шотындағы ақшаны емес, пластикті ғана жоғалтасыз.

22

Visa Gold, Visa Platinum, Visa Infinite сыйақы карточкаларын пайдалану маған қандай артықшылықтар береді?

Visa Gold, Visa Platinum, Visa Infinite төлем карточкаларын пайдалану Клиентке келесі артықшылықтарды береді:

  1. Клиентке өмірді сақтандыру сертификаты тегін беріледі;
  2. Банк, сонымен қатар, Visa int ХТЖ-мен бірге өткізілетін акцияларға қатысу мүмкіндігі;

Visa Gold, Visa Platinum, Visa Infinite карточкалары премиум классты карточкалар болып табылады, олар бойынша POS – терминал арқылы тауарларды сатып алу және төлеу кезінде жеңілдіктер алуға, сонымен қатар, Priority Pass клубтық картасын алуға болады.

Өткізілетін акциялар, жеңілдіктер және бонустар туралы күллі ақпаратты Банктің www.vtb-bank.kz сайтынан немесе Visa Int халықаралық төлем жүйесі сайтынан www.visa.com алуға болады.

23

Мен Visa Gold, Visa Platinum, Visa Infinite сыйақы карточкаларымен бірге алатын Nomad Insurance өмірді сақтандыру деген не және мен оны қалай пайдалана аламын?*

Тәулігіне 24 сағат, жылына 365 күн әрекет ететін, оқыс жағдайлардан сақтандыру: күллі әлем бойынша, тұрақты тұру елі мен азаматтық/резиденттілік елін қоспағанда.

•16 бастап 80 жасқа дейінгі жастағы карточканы ұстаушылар сақтандырыла алады.

•Сонымен қатар, негізгі карточкаларды ұстаушылардың 14 жастан үлкен балалары сақтандырыла алады, бұл ретте олар қосымша карточкалар ұстаушылары болуы тиіс.

•Сертификаттың әрекет ету мерзімі ішіндегі сапарлар саны шектелмеген. Әрбір сақтандырылған сапардың ұзақтығы 90 күннен аспауы тиіс.


Сақтандыру төлемдерінің тізімі:

1. Оқыс жағдай нәтижесіндегі өлім;

2. Тұрақты толық еңбекке қабілетсіздік;

3. Тұрақты ішінара еңбекке қабілетсіздік;

4. Оқыс жағдай немесе кенет науқастану нәтижесіндегі медициналық шығындарды өтеу.

Саяхат кезінде жәрдемдесу:

1. Медициналық тасымалдау;

2. Медициналық репатриация;

3. Денені репатриациялау;

4. Табыт құнын өтеу;

5.Заңдық көмек көрсету;

6. Сақтандырылушының үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілігі.

Сертификатты алу үшін Клиентке Банктің ең жақын бөлімшесіне жүгініп және сертификатты ресімдеу қажет. Күллі қосымша ақпаратты Банк бөлімшесінің менеджерінен алуға болады.

24

Артықшылықты Visa карточкаларының жеңілдіктері мен бонустары туралы қайдан білуге болады?

Өткізілетін акциялар, жеңілдіктер және бонустар туралы күллі ақпаратты Банктің www.vtb-bank.kz сайтынан немесе Visa Int халықаралық төлем жүйесінің www.visa.com сайтынан алуға болады.

25

Мен өзімнің кәмелеттік жасқа толмаған балама қосымша төлем карточкасын ресімдей аламын ба?

Банктің бекітілген Регламентіне сәйкес қосымша карточкалар Ұстаушыларының жасы 14 (он төрт) жастан кіші болмауы тиіс.

26

Мен өзімнің төлем карточкам бойынша айырбастау қандай бағам бойынша өткендігін қалай біле аламын?

Эмитент Банк осы ақпаратты ұсынбайды. Қажет болған уақытта айырбастау туралы ақпаратты Visa Int халықаралық төлем жүйесінің www.visa.com сайтынан алуға болады. Айырбастау бағамы валюталардың нарықтық бағамына жақындатылған, қаржылық растау алынғаннан кейін операцияның қандай бағам бойынша өткендігін тексеруге болады, яғни сома нақты есептен шығарылғаннан кейін.

27

Егер біреу менің төлем карточкамды тауып алса не болады?

Негізінен шығарылатын барлық төлем карточкалары арнайы парольмен (ПИН-код) қорғалады, егер ол тіпті Сіздің төлем карточкаңызды тауып алса немесе ұрлап алса да, Сізден басқа ешкім Сіздің ақшаңызды пайдалана алмайды. Сіздің ақшаңыздың амандығы үшін карточка жолғалтылған уақытта, Сізге Банктің авторландыру Тобына +7 (727) 330 43 43 нөмірі бойынша қоңырау шалып, өзіңіздің төлем карточкаңызды блоктап және өзіңіздің төлем карточкаңыздың қайта шығарылуына тапсырыс беру қажет. Ақшаны өзіңізбен бірге қолма-қол ақша түрінде алып жүргенше, ақшаны төлем карточкасының шотында сақтау әлдеқайда қауіпсіз.

28

Негізгі/қосымша төлем карточкасын қалай және кім толықтыра алады?

Негізгі/қосымша төлем карточкасын Банк ВТБ Қазақстан АҚ ЕҰ кез-келген бөлімшесінде тегін толықтыруға болады. Кез-келген адам Сіздің төлем карточкаңызды қолма-қол ақшамен толықтырып, немесе бұны қолма-қол ақшасыз аударыммен орындай алады. Ақшаны аудару кезінде жіберуші төлем карточкасының негізгі ұстаушысының деректемелерін көрсетуі тиіс, яғни Бенефициардың атауы, ЖСН нөмірі өрісіне негізгі ұстаушының барлық деректерін және Банктің деректемелерін. Банк ВТБ Қазақстан АҚ ЕҰ карталарын толықтыру, сонымен қатар, Интернет Банкинг жүйесіне қосылған уақытта мүмкін болады. Өзіңіздің кабинетіңіз арқылы Сіз Банк ВТБ Қазақстан АҚ ЕҰ карталары арасында аударымдарды жүзеге асыра аласыз.

29

Мен бір күн ішінде төлем картасынан қанша ақша шеше аламын?

Қолма-қол ақша банктің кез-келген бөлімшесінен немесе банкоматтан алына алады. ВТБ Банк АҚ ЕҰ әрбір төлем карточкасы бойынша төлем карточкасының түріне тәуелсіз банкоматтар немесе бөлімшелер кассалары арқылы (ПОС терминалдар арқылы) қолма-қол ақшаны алудың келесі мөлшердегі стандартты тәуліктік лимиті анықталған:

·         теңгемен тәуліктік лимит банкоматтан алған уақытта 450 000 теңгені және Банктің бөлімшелерінен шешкен уақытта 1 850 000 теңгені құрайды;

·         АҚШ долларымен тәуліктік лимит банкоматтан шешілген уақытта 3 000 доллар және Банк бөлімшелерінен шешілген уақытта 10 000 долларды құрайды;

·         еуромен тәуліктік лимит банкоматтан шешілген уақытта 2 250 еуро және Банк бөлімшелерінен шешілген уақытта 7 500 еуроны құрайды;

·         рубльмен тәуліктік лимит банкоматтан шешілген уақытта 90 000 рубль және Банк бөлімшелерінен шешілген уақытта 300 000 рубльді құрайды.

Анықталған тәуліктік лимиттен асатын сомадағы қолма-қол ақшаны шешу үшін алдын ала ВТБ Банк АҚ ЕҰ бөлімшесіне немесе авторландыру Тобына жүгіну қажет. Телефонмен хабарласқан уақытта, лимит ағымдағы күнге анықталады / алынып тасталады.

30

Кім төлем карточкасының иесі болып табылады?

Төлем карточкасы Банктің меншігі болып табылады. Клиент – төлем карточкасын ұстаушы. Төлем карточкасы қайта шығарылған уақытта Клиент оны тапсыруға міндетті.

31

Төлем карточкасын белсендіру, бұл не үшін қажет?

Төлем карточкасын белсендіру төлем карточкасын жұмыс күйіне көшіру үшін қажет. Белсендіру оң баланс болған уақытта (Visa Virtuon-ды қоспағанда), Клиенттің банкомат арқылы алғашқы ПИН-дік (кез-келген) операцияны өткізу жолымен орындалады.

32

Лездік (INSTANT ISSUE) төлем карточкасын қашан белсендіруге болады?

Кейін алғашқы ПИН-дік операцияны өткізу арқылы, Клиентке лездік төлем карточкасы берілгеннен кейін 30-40 минут өткеннен кейін.

33

Кодты (кілттік) сөз. Оны қалай және қайдан білуге болады?

Кодты сөзді Клиенттің өзі төлем карточкасын шығаруға өтінішті толтырған уақытта анықтайды. Қажет болған уақытта кодтық сөзді филиалдың менеджерінен жеке тұлғаны куәландыратын құжатты және төлем карточкасын ұсыну арқылы білуге болады.

34

Басқа банктерден төлем тапсырмасымен келіп түскен ақша төлем карточкасының біздің шоттарымызға қаншалықты ұзақ аударылады?

Басқа банктерден төлем тапсырмасымен келіп түскен ақшалай қаражат Банк ВТБ Қазақстан АҚ ЕҰ филиалының контролері төлемді алып және мақұлдағаннан кейін 30-40 минут ішінде төлем карточкасына аударылатын болады.

35

Ақша қайда: Төлем карточкасында ма әлде төлем карточкасының шотында ма? Ақша жаңа төлем карточкасына көшірілді ме?

Ақша төлем карточкасының Сіздің банктік шотыңызда сақталады, ал төлем карточкасы төлем карточкасының шотына қатынау құралы болып табылады. Сәйкесінше, төлем карточкасы қайта шығарылған уақытта уайымдаудың қажеті жоқ. Шотта бар қаражат жаңа төлем карточкасы шығарылғаннан кейін қолжетімді болады.

36

Төлем карточкасы қандай кезең ішінде жарамды болады?

Әрекет ету мерзімі картаның өзінде "ай/жыл" (АА/ЖЖ) форматында көрсетілген, бұл төлем карточкасының көрсетілген жылдың айының соңғы күніне дейін әрекет ететіндігін білдіреді.

Мысалы: 09/14 төлем карточкасының 2014 жылдың 1 қазанында әрекетін тоқтататындығын білдіреді. Банк ВТБ Қазақстан АҚ ЕҰ төлем карточкалары 3 жылдық мерзіммен шығарылады. Дебеттік INSTANT ISSUE төлем карточкалары ескерту болып табылады, олар 1 жылдық мерзімге шығарылады.

37

Егер төлем карточкасының мерзімі бітсе не істеу керек?

Шоттың менеджеріне жүгініп және төлем карточкасының әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін 30 (отыз) күн бұрын төлем карточкасын қайта шығаруға өтініш толтыру қажет.

38

Егер мен төлем карточкасын жапқым келсе не істеуім керек?

Барлық ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру қажет. Банктің ең жақын бөлімшесіне барыңыз. Белгіленген нысан бойынша өтініш жазыңыз. Төлем карточкасын тапсырыңыз.

39

ПИН-код деген не? АТМ, POS-терминал және АТТ деген не?

ПИН-код – бұл Дербес Сәйкестендіру Нөмірі (әдетте төрт саннан тұратын комбинация), оны Сізге банкоматтан ақша алу үшін енгізу қажет. ПИН-код арнайы конвертте жалғыз данасы басылып шығарылады, оны Сіз төлем карточкасымен бірге аласыз. Қандай жағдай болмасын ПИН-кодты төлем карточкасына жазуға мүлдем болмайды, сонымен қатар, ПИН-кодты төлем карточкасының жанында сақтауға болмайды. ПИН-кодты үшінші тұлғаларға беруге қатаң тыйым салынады. ПИН-кодты жақсылап есте сақтап және алған конвертті жоюды ұсынамыз.

АТМ – бұл банкоматтың қысқартылған атауы, ағылшын тілінен аударғанда – Automatic Teller Machine. POS-терминал («POS» - Point Of Sale terminal ағылшын сөз тіркесінің аббревиатурасы) – сауда нүктесінің терминалы – қолма-қол ақшасын төлемдерді жүзеге асыруға, сонымен қатар, қолма-қол ақшаны беруге арналған электронды құрылғы, ол арқылы Төлем карточкасының магнитті жолағынан немесе микросхемасынан қажетті ақпаратты оқу жолымен Карточкалық операция орындалады. АТТ – ақпараттық төлем терминалы.

40

Егер ПИН-код теріс енгізілсе не істеу керек?

Егер Сіз ПИН-кодты бір рет теріс енгізсеңіз, онда есіңізге түсіруге тырысып және дұрыс ПИН-кодты тағы екі рет енгізе аласыз. Егер үшінші әрекеттенуіңіз сәтсіз болса, бірақ Сіз ПИН-кодты еске түсірсеңіз, онда +7 727 330 43 43 авторландыру Тобына жүгініп және ПИН-кодты теру санағышын түсіру қажет. Егер Сіз ПИН-кодты ұмытып қалсаңыз, онда Банктің бөлімшесіне жүгініп және төлем карточкасын ауыстыру туралы өтініш жазу қажет. Жаңа төлем карточкасымен бірге Сіз жаңа ПИН-код аласыз.

41

Басқа тұлғалар менің төлем карточкамды пайдалана алады ма?

Төлем карточкасын оның аты мен тегі төлем карточкасында көрсетілген адам ғана пайдалана алады. Егер Сіз Сіздің төлем карточкаңыздағы қаражаттың басқа біреуге қолжетімді болуын қаласаңыз, Сіз бір немесе бірнеше қосымша төлем карточкаларын ресімдей аласыз. Есте сақтаңыз, Сіз, төлем карточкасы шотының иесі ретінде қосымша төлем карточкалары бойынша барлық операциялар үшін жауапкершілік жүктейсіз. Қосымша төлем карточкасын ресімдеу үшін Банктің бөлімшесіне хабарласып және өзіңіздің және оның атына қосымша төлем карточкасы ресімделіп отырған тұлғаның құжаттарын көрсете отырып, өтініш жазу қажет.

42

Төлем карточкасы бойынша ақшалай қаражат қалдығын қалай білуге болады?

Төлем карточкасы бойынша ақшалай қаражат қалдығын банкомат арқылы төлем карточкасы бойынша балансты сұрау арқылы немесе Банк ВТБ Қазақстан АҚ ЕҰ авторландыру Тобына +7 727 330 43 43 телефоны бойынша қоңырау шалып және карта нөмірі мен кодтық сөзді атау арқылы (қажет болған уақытта Авторландыру тобының қызметкері Клиенттің қосымша деректерін сұрай алады), сонымен қатар, Интернет-банкинг арқылы білуге болады.

43

Мен төлем карточкасының шоты бойынша орындалған операциялар бойынша СМС хабарламаны қандай жылдамдықпен аламын?

Оператордың СМС –орталығының жүктемесіне тәуелді, орташа есеппен, операция аяқталғаннан кейін 1-5 секунд ішінде. СМС-қызмет алынбаған жағдайда, Сізге Банктің ең жақын бөлімшесіне хабарласу қажет.

44

Қазақстан Республикасынан тыс жерде СМС хабарлау қызметін пайдалануға болады ма?

Иә. Бұл ретте Сіз өзіңіздің операторыңыздың роуминг қызметін пайдалану тиіссіз.

45

СМС хабарлау жүйесіне қосылған төлем карточкасы қайта шығарылған жағдайда не істеу керек?

Төлем карточкасы қайта шығарылған жағдайда жаңа Төлем картасы қосылған СМС хабарлау қызметін мұраға алады.

46

Мен төлем карточкасын басқа банктер банкоматтарында пайдалана аламын ба?

Сіз Өзіңіздің төлем карточкаңызды кез-келген елде, Банктің Visa Int ХТЖ логотипі бар кез-келген банкоматында пайдалана аласыз.

47

Банкомат арқылы қолма-қол ақшаны шешу кезіндегі ықтимал шектеулер

Төлем карточкасы бойынша бір күн ішінде банкомат арқылы шешуге болатын сома Сіздің банкіңізбен немесе аталмыш банкомат меншікті банкпен шектелген болуы мүмкін. Мысал: Клиент ВТБ24 банкоматы арқылы 100 000 рубльді шешіп алуды қалайды. Клиент Банк ВТБ Қазақстан АҚ ЕҰ Авторландыру тобына жүгіне отырып, төлем карточкасы бойынша шектеуді алдын ала алып тастады. 100 000 рубль сұраған уақытта банкомат 7 500 рубль көлеміндегі соманы алу мүмкіндігі туралы хабарлай отырып, қолма-қол ақшаны беруден бас тартты. Бұл ВТБ24-тің өзінің банкоматтарында бөтен төлем карточкалары бойынша қолма-қол ақшаны бір реттік шешу бойынша 7 500 рубльді құрайтын шектеу қойғандығын білдіреді. Аталмыш шектеу Банк ВТБ Қазақстан АҚ ЕҰ тарапынан тыйым болып табылмайды. Банкомат бере алатын купюралардың максимальды саны оның модификациясына тәуелді. Бір рет қолма-қол ақшаға айналдыру сомасы банкомат жүктелген купюралардың үлкендігіне тәуелді. Операцияның аяқталғандығы туралы банкомат әдетте дыбыстық сигналмен және қажетті командамен хабарлайды: алдымен ол төлем карточкасын қайтарады, ал сосын ақшаны береді, осыдан кейін операция туралы түбіртекті басып шығарады.

48

Төлем карточкасын да, ақшаны да олар банкоматтан шыққаннан кейін 40 секунд ішінде алу қажет, өйтпеген жағдайда олар талап етілмеген ретінде қайтарылып алынады.

Егер банкомат карточканы ұстап қалса, оған банкомат меншікті Банк бөлімшесінің менеджеріне, немесе біздің Банктің кез-келген бөлімшесінің менеджеріне өтініш жазу қажет. Егер Клиент Банк ВТБ Қазақстан АҚ ЕҰ төлем карточкасынан шешілген ақшаны 40 секунд ішінде алып үлгермеген болса және банкомат оларды алып қойса, Банк ВТБ Қазақстан АҚ ЕҰ аталмыш бөлімшесінің менеджеріне өтініш жазу қажет. Егер Клиент басқа Банктің төлем карточкасынан шешілген ақшаны 40 секунд ішінде алып үлгермесе және Банк ВТБ Қазақстан АҚ ЕҰ банкоматы оларды алып қойса, Банктің аталмыш төлем карточканы берген менеджеріне өтініш жазу қажет.

49

Клиенттің төлем карточкасы шотындағы қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат кімге ұсыныла алады?

Клиенттің төлем карточкасы шотындағы қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат банктік құпия болып табылады және тек қана тікелей төлем карточкасының ұстаушысына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайларда ұсыныла алады.

50

Банк бөлімшесінде ПОС-терминал (ҚАБП) арқылы ақшаны қандай валютамен шешуге болады?

Қолма-қол ақшаны беру пунктінде (ҚАБП) ПОС-терминал арқылы карточкалық шот жүргізілетін валютадан басқа валютамен қолма-қол ақшаны шешуге болады.

51

Сауда желісінде тауарлар мен қызметтерді төлеу кезіндегі комиссия сомасы қандай?

Сауда желісінде тауарлар мен қызметтерді төлеу төлем карточкасының иесі үшін комиссиясыз жүзеге асырылады.

52

Қосымша төлем карточкалары бойынша қаражатты пайдалану бойынша лимит қоюға болады ма және аталмыш лимитті болашақта өзгерту мүмкін бе?

Қосымша төлем карточкасы бойынша ақшалай қаражатты пайдалану бойынша шектеу лимитін орнатуға болады. Лимитті ауыстыру қажет болған жағдайда карта/шоттың негізгі ұстаушысына өтініш жазу қажет.

53

Кез-келген карта бойынша қосымша карта ашуға болады ма?

Қосымша төлем карточкасын ресімдеу және беру VISA Virtuon, Visa Instant Issue дебеттік төлем карточкалары, корпоративтік төлем карточкалары / несиелік төлем карточкалары үшін қарастырылмаған, «Прайм» пакеті бойынша төлем карточкаларын қоспағанда.

54

Өзімнің карточкам бойынша ақшалай қаражаттың қозғалысын қалай қадағалауға болады?

Сіз Интернет Банкинг жүйесіне қосыла аласыз, қосылудың негізгі шарты теңгелей дебеттік картаның болуы болып табылады. Интернет Банкинг жүйесіне қосылған уақытта Сізде сіздің шоттарыңыз бойынша қозғалысты бақылау және онлайн төлемдердің басқа мүмкіндіктерін пайдалану мүмкіндігіңіз болады. Толығырақ ақпаратпен Сіз Банктің http://www.vtb-bank.kz сайтының жеке тұлғаларға арналған Интернет-Банкинг бөлімінен, сонымен қатар, СМС хабарлаулар көмегімен таныса аласыз.

55

Интернет Банкингке қосылу үшін не керек?

Өзіңізбен бірге Сіздің тұлғаңызды куәландыратын құжат және KZT валютасындағы Банк ВТБ (Қазақстан) дебеттік төлем карточкасы болуы қажет, Visa Business/ Visa Business Gold корпоративтік карточкаларын қоспағанда. Ұялы телефонның жеке дербес нөмірі болуы керек. Сонымен қатар, Сіз тіркеуден Банктің сайтында қашықтықтан өте аласыз, тіркеу кезінде сұралатын деректердің сәйкес келуі қажет.  

56

Егер Клиентте Visa Virtuon картасы бар болса, жеке тұлғалар үшін Интернет-банкингті ашу мүмкін бе?

Visa Virtuon карталары бойынша интернет банкинг ашылмайды.

57

Егер Клиентте Visa Instant Issue картасы бар болса, жеке тұлғалар үшін Интернет-банкингті ашуға болады ма?

Visa Instant Issue карталары бойынша егер карта (Debit) болса ашу мүмкін болады.

58

Мен картаны пайдалана алмадым, «Карта жарамсыз» қатесі шығады. Мен жабу туралы өтініш берген жоқпын. Себебі неде?

Себептердің бірі келесілер болуы мүмкін:

ü Аталмыш карта Клиенттер – жеке тұлғалар шоттарында бір жылдан астам уақыт ақшаның болмауымен және 02.06.2000 жылғы №266 Қазақстан Республикасы Банктерінде Клиенттер шоттарын ашу, жүргізу және жабу ережелерінің 7 тарауының 43 тармағының 1 тармақшасы негізінде, бір жылдан астам шоттарда ақша қозғалысының болмауымен байланысты жабылған болуы мүмкін.

ü Картаның уақыты өтіп кеткен болуы мүмкін.

59

(Доллар, еуро, рубль) валютасындағы картаны ұстай отырып, Интернет-банкинг жүйесіне қосылуға болады ма?

Клиент валюталы картамен Интернет-банкинг жүйесіне қосыла алады, бірақ ешқандай операцияларды (қызметтерді төлеу, ақша аудару) жүзеге асыра алмайды, себебі ҚР аумағы бойынша барлық аударымдар ұлттық валютада орындалады.

60

Қай уақытта карта және ПИН конвертті алуға болады? Банк бөлімшесінің жұмыс істеу режимі бойынша ма?

Төлем карточкаларының Ұстаушыларына ПИН-конверттері бар төлем карточкаларын беру күн сайын Банктің операциялық күні ішінде жүзеге асырылады:

1) жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00 бастап 18:00 дейін – филиалдарда /ЕК/;

2) жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00 бастап 17:00 дейін – ББ-те.