Карточка мен ПИН-кодтың қауіпсіздігі


Төлем карточкаларын ұстаушыларға арналған пайдалы кеңестер:

Картаны бөтен адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз, қоғамдық орындарда оны қараусыз қалдырмаңыз , мысалы мейрамханаларда, қонақ үйлерде, жұмыс орнында. Картаны зақымдап алмау үшін, Картаны жылу, электрмагниттік және механикалық әсерлердан сақ ұстаңыз. Егер зақымдану салдарынан Карта операцияларды жүргізуге жарамсыз болған жағдайда, Картаны қайта шығару үшін шұғыл түрде Банкке хабарласыңыз.
Банктің телефон нөмірлерін жазып алыңыз және бұл ақпаратты үнемі жаныңызда ұстаңыз.

Қаражатты шешіп алу барысында, Сіздерге мәлім банктердің банкоматтарын қолдануға кеңес беріледі. ПИН-кодты, Картаның жарамдылық мерзімін және CVV2 кодын құпияда ұстаңыз. Картаны үшінші тұлғаларға қайта сеніп тапсырмаңыз. Картаны туысқандарыңызға сеніп тапсырмаңыз.

Егер қажет болған жағдайда, оларға арнап Қосымша Карта шығартыңыз. Дербес ақпаратты бөгде адамдарға хабарламаңыз - бұл, Сізді Картаның ұстаушысы ретінде сәйкестендіру мақсатында Банкпен келісілген ақпарат: жасырын сөз, жеке басты куәландыратын құжаттардың деректері, Картаның және Шоттың нөмірі, құпиясөздер, ПИН-код. Банк дербес ақпаратты , олар өздерін кім ретінде таныстырғанына қарамастан, Сізге таныс емес тұлғаларға хабарлауға кеңес бермейді, себебі көрсетілген деректер заңсыз әрекеттер жасауға пайдаланылуы мүмкін, нәтижесінде Сізге материалдық және моральдық зиян келтірілуі мүмкін.

Дербес ақпаратты лотерея ойындарына және т.с.с. қатысуға пайдалану қажет емес, тіпті Сізге қатысу тегін деген уәде берілген жағдайда болмасын. Дербес ақпаратты көпшілік орындарында және естіп қоюы ықтимал және кейінірек өз мақсатында пайдалануы мүмкін бөтен адамдардың көзінше телефон арқылы хабарламаңыз. Көпшілік орындарында Сіздің дербес ақпаратыңыз көрсетілген құжаттарды қараусыз қалдырмаңыз: сонымен бірге кеңседе, қонақ үйде, әуежайда – бөтен адамдарға қолжетімді болуы мүмкін кез-келген жерде..

Дербес ақпаратты ашық күйінде өз компьютеріңізде, ұялы телефонда, қалта компьютерінде қалдырудан сақтаныңыз. Бұл ақпарат осы жабдыққа қызмет көрсететін тұлғаларға, немесе оған желі арқылы немесе физикалық тұрғыдан, ұрлау арқылы, рұқсат ала алатын қаскүнемдерге қолжетімді болуы мүмкін. Дербес ақпарат жазылған қағаз құжаттарды лақтырып тастамастан бұрын, оны ұсақтап жыртыңыз немесе шредерді қолданыңыз. Электронды тасымалдағыштардан ақпаратты кепілді түрде өшіру үшін арнайы бағдарламаларды пайдаланған жөн, ал мұндай әрекет ету мүмкін болмаған жағдайда, тасымалдағышты физикалық түрде жоюға кеңес беріледі.

Сіздердің назарларыңызға!

Егер сіздің дербес ақпаратыңыз үшінші тараптарға мәлім болған жағдайда, Сізге, өз Картаңыздың сыртқы жағында көрсетілген телефон нөмірі бойынша Банкке шұғыл түрде хабарласу қажет.

 


3DSecure – Интернеттегі қауіпсіз төлемдер

Құрметті Банк ВТБ (Қазақстан) төлем карточкаларының иелері!

Интернет жаһандық желісінде төлем карточкаларын пайдалану арқылы қауіпсіз операциялар жүргізуге ерекше көңіл бөле отырып, Банк ВТБ (Қазақстан) өзінің төлем жүйесінің барлық Visa халықаралық төлем карточкаларын (сонымен берге корпоративті) 3-D Secure технологиясына қосуды жүзеге асырды.

Бұл технология Интернет желісінде төлем карточкалары бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) төлеу барысында жоғары қорғанысты қамтамасыз етеді.

3-D Secure технологиясы Банкке, интернет-төлем жүргізіп жатқан карточка ұстаушыны сәйкестендіруге мүмкіндік береді. 3-D Secure Банкпен шығарылған Visa төлем жүйесінің ( Verified by Visa бағдарламасы) барлық карточка түрлеріне қолданылады.

Verified by Visa бағдарламасы қалай жұмыс істейді

1. Қызметті қосу үшін, Клиентке Банк ВТБ (Қазақстан) кез-келген бөлімшесінде өтінішті толтыру қажет: http://www.vtb-bank.kz/bank/address/filials/ «Карточкалық операциялар бойынша SMS-хабарламалар» қызмет қосу үшін*.

«Карточкалық операциялар бойынша SMS-хабарламалар» қызметін ертеректе қосқан Клиенттер үшін, қосымша өтініш толтырудың қажеттілігі жоқ, себеі Verified by Visa қызметі автоматты түрде карточкалардың барлық түрлеріне қолжетімді.

Verified by Visa бағдарламасын қолдайтын, интернет-дүкенде төлем жүргізу кезінде (Verified by Visa логотипі интернет-дүкеннің сайтында болуы тиіс), Сіз келесі деректерді енгізесіз:

1.     карточканың нөмірі;

2.     карточканың жарамдылық мерзімі;

3.     талап етуіне қарай – латын транслитерациясында тегін және есімін (карточканың беткі жағында көрсетілгендей);

4.     CVV2 кодын (карточканың артқы жағында «Қолдың үлгісі» жолында көрсетілген).

Қажетті ақпаратты енгізгеннен кейін Сіз Банктің сайтына қайтадан бағытталасыз, мұнда карточка бойынша жасалынып жатқан операциялардың егжей-тегжейлері қамтылған, арнайы нысанға төлемді растау үшін бір жолғы құпиясөзді енгізу қажет.

Бұл құпиясөз 4 цифрдан тұрады жәнеSMS-хабарлама түрінде ұялы телефонға келеді.Хабарламада, сонымен бірге, құпиясөздің жарамдылық мерзімі және жүйедегі құпиясөзді активациялау мерзімі көрсетілген.

Назар аударыңыз, құпиясөз SMS –хабарлама алынған сәттен бастап 5 минут ішінде пайдаланыла алады және ол қалыптасқан, карточка бойынша транзакцияны растауға пайдаланыла алады.

Ұялы телефонға біржолғы құпиясөзді ала отырып, Сізге сайтта операцияның егжей-тегжейін тексеру және тиісті жолға құпиясөзді енгізу қажет.

Егер құпиясөз дұрыс енгізілген жағдайда, Клиенттің сәйкестендіруі сәтті өткендігін білдіреді (операция карточканы ұстаушының өзімен жасалынған болып есептеледі) және Сіз интернет-дүкеннің сайтына қайта қайтарыласыз.

Интернет-дүкеннің сайтында операцияның оң нәтижелі авторизациясынан кейін, карточканы пайдалану арқылы сатып алудың сәтті өткендігі көрсетіледі.

Егер Сіз біржолғы құпиясөзді дұрыс емес енгізген жағдайда, тиісті ақпараттық хабарлама пайда болады, ал Сізге жаңа құпиясөзі бар SMS-хабарлама жіберіледі.

Динамикалық құпиясөзді дұрыс емес енгізудің жол берілетін саны – тәулігіне 5 (бес) рет.

2. Егер Сізде «Карточкалық операциялар бойынша SMS-хабарламалар» қосылмаған жағдайда.

Мұндай жағдайларда, Verified by Visa қызметі Сіздің карточкаңыз бойынша қолжетімсіз болады.

Сонымен бірге карточка бойынша, ешбір құпиясөзді енгізусіз «Интернет» желісінде, құпиясөзді енгізбестен операция жасауға болады.

Назар аударыңыз, алайда бұл жағдайларда төлем қауіпсіздігі анағұрлым төмендейді!

 

*«SMS- Хабарламалар» қызметінің құны» - Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес.

Назар аударыңыз!!!

  • Сіздің біржолға құпиясөзіңізді тек браузердің адрес жолында келесі адрес көрсетілген жағдайда ғана енгізуге болады: https://acs.multicarta.ru/PaReqVISA.jsp;

Интернеттегі кез-келген басқа адрестерінде құпиясөз енгізуге тыйым салынады.

 

Алаяқтық тәуекелі жоғары елдердің тізімі

Құрметті клиенттер!

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ҰҚ алаяқтық тәуекелі жоғары елдерде карточкаларды пайдаланғаннан кейін, Сізге карточканы қайта шығару бойынша Банкке жүгіну қажет. Көрсетілген талапты сақтамаған жағдайда және осыған байланысты алаяқтық Карточкалық операциялар (транзакциялар) пайда болуына байланысты , Банктің барлық шығындарын, сонымен бірге Банкке тигізілген зиянды Клиент Банкке өтелуге жатады.

Елдердің тізімі:

1. Австралия

2. Аргентина

3. Бразилия

4. Ұлыбритания

5. Венесуэла

6. Доминикан республикасы

7. Индонезия

8. Кения

9. Қытай Халық Республикасы

10. Колумбия

11. Коста-Рика

12. Ливан

13. Люксембург

14. Мавритания

15. Малайзия

16. Мексика

17. Жаңа Зеландия

18. БАӘ

19. Пәкістан

20. Панама

21. Ресей

22. Сауд Аравиясы

23. Сингапур

24. Тайланд

25. Украина

26. Филиппин

27. Франция

28. Чили

29. Эквадор

30. Оңтүстік Африка Республикасы

31. Жапония