Төлем карточкалары

Төлем карточкасы — бұл қазіргі заманғы төлем тәсілі. Бұл ертеңгі күнге бір қадам алға басу.

Төлем картасының ұстаушысы бола отырып, Сіз өз банктік шотыңызға тәулік бойы қол жеткізе аласыз. Төлем карточкасының көмегімен Сіз тауарлар мен қызметтер үшін төлей аласыз, сонымен қатар әлемнің кез-келген елінен қолма-қол ақша ала аласыз.

ВТБ карталарының артықшылықтары туралы

Банк ВТБ Ресей аумағында ең дамыған филиалдар мен бөлімшелер желісі бар банктердің бірі.
Сіздің картаңыздың шотын теңгемен де, рубльмен де, доллар және еуромен де ашуға болады.
Банктік карталарды қолданумен байланысты барлық сұрақтар бойынша Сіз тәуліктің кез-келген уақытында ВТБ тәулік бойғы авторизация қызметіне хабарласа аласыз. Қоңырау шалыңыз, біз Сізге орын алған жағдайды реттеуге көмектесеміз, кәсіби кеңес береміз, жақын жерде орналасқан банкоматтардың мекенжайын береміз.

Сіздің талабыңыз бойынша, біз ай сайын шоттың жағдайы туралы тегін толық үзінді көшірме беріп отырамыз.

Сіз қосымша карталар аша аласыз — бұл, Сіздің отбасыңызға Сіздің банктік шотыңыздағы қаражаттарға рұқсат беру мүмкіндігі.


Біздің мүмкіншіліктеріміз

  • Сіздің өз шотыңызға, отбасыңыздың мүшелеріне арнап бір немесе бірнеше қосымша төлем карточкаларын ресімдеу мүмкіндігіңіз бар;

  • Өз төлем карточкаңыздың шотын өздігінен, сонымен бірге сенім білдірілген тұлғалар арқылы толықтыру;

  • Өз төлем карточкаңыздың шотын қолма-қол ақша қаражатын салу арқылы, және басқа банктегі шоттардан қаражатты аудару арқылы толықтыру.

Төлем картасын алуға арналған құжаттар

  • Жеке басты куәландыратын құжат, ЖСН көрсете отырып                                                                                                                                                                                       
    Сіздің төлем карточкаңызды шығаруға шамамен 5 жұмыс күні қажет.

Банк ВТБ (Қазақстан) төлем карточкасының иесі болып 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының резиденттері және резидент еместері бола алады.

Негізгі төлем карточкасынан басқа Сіз 14 жасқа толған тұлғаларға да қосымша төлем карточкаларын ресімдей аласыз.

Карточкалық шот валютасы

Теңге, рубль, АҚШ доллары және еуро.

Төлем карточкасы бойынша қолма-қол ақша бергені үшін төленетін комиссия

  • Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ желі банкоматтарында Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ карточкалары бойынша - теңгемен 0,5%;

  • Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшелерінде Банка ВТБ (Қазақстан) карточкалары бойынша – теңгемен 0,5% + 300 теңге;

  • VISA Int. ХТЖ-ның басқа қатысушы Банктері желісінің банкоматтарында Банктің төлем карточкалары бойынша - 1 % мин. 500 теңге.

  • Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ барлық төлем карточкаларының ұстаушылары қазақстандық Банк ВТБ белгіленген тарифтер бойынша ТМД елдерінің ВТБ тобына кіретін банктерден қолма-қол ақшалай қаражатты ала алады.

*Ресей – Банк ВТБ24 ЖАҚ, Грузия - Банк ВТБ АҚ (Грузия), Армения - Банк ВТБ ЖАҚ (Армения), Әзірбайжан - Банк ВТБ ААҚ (Әзірбайжан, Беларусь - Банк ВТБ АҚ (Беларусь, Украина - ВТБ Банк. КАҚ.