Заңды тұлғаларға

001_Studio_Session-394-Edit.jpgВТБ (Қазақстан) Банкі АҚ ЕҰ заңды тұлғалар мен корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету үшін бірқатар бірегей артықшылықтарға ие. Олардың ішінде – ең ірі халықаралық ВТБ қаржылық тобына қатысты болу, ірі жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі, жеке тарифтер.

ВТБ (Қазақстан) Банкі АҚ ЕҰ өз клиенттеріне қызметтердің кең талғамын ұсынады.

Қазіргі таңда экономиканың нақты саласын қаржыландырудың іс жүзіндегі тәжірибесін пайдалана отырып, банк әрбір шаруашылық етуші нысан қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып түрлі кредиттік және валюталық операцияларды жүзеге асырады. Банк айналым қаражаттарын толықтыруға кредиттер, ұзақ мерзімді қаржыландыруды, овердрафтты кредиттеуді және құжаттық операцияларды ұсынады.

Банк кредиттік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, қайтарылу, ақылы және мерзімді  болу, Банк пен кредит алушы арасында келісім жасасу шартымен кредиттік желілер ұсынады.

Оған қоса, ВТБ (Қазақстан) Банкі АҚ ЕҰ депозитарлық және валюта айырбастау операцияларын жүзеге асырып, клиенттердің бос ақша қаражаттарын тартып, халықаралық есептесулерді жүзеге асырады.