Сейф ұяшықтарын жалдау

001_MG_7657-Edit.jpg

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ жеке тұлғаларға маңызды құжаттары мен бағалы заттарын сақтау үшін сейф ұяшықтарын жалға алуды ұсынады.

Құндылықтарды ВТБ банк ұяшығында сақтау артықшылығы:

· ВТБ қоймалары құндылықтардың толық сақтығын қамтамасыз ететін заманға сай техникалық құралдармен жабдықталған;

· ВТБ банкінде түрлі өлшемді сейф ұяшықтары бар:

- 72 х 260 х 390 мм

- 146 х 260 х 390 мм

- 220 х 260 х 390 мм

- 440 х 260 х 390 мм

· ұяшықты әрі қарай ұзарту мүмкіндігімен 12 айға дейінгі мерзімге жалдауға болады;

· ұяшықты пайдалану құқығын сенімхат бойынша сенімді тұлғаға тапсыру мүмкіндігі беріледі (сенімхат міндетті түрде нотариусте расталуы тиіс);

· жеке банк сейфі жеке жалдаушыға және ортақ пайдалану үшін екі жалдаушыға беріле алады;

· ақшаны санау машинасы мен банкноттардың шынайылығын растау детекторы пайдалануға тегін беріледі.

Сейф ұяшықтарын жалдау боуынша тарифтер: http://kz.vtb-bank.kz/bank/docs/

Сейф ұяшықтарында сақталуы мүмкін емес заттар:

  • атыс, газ және суық қару;
  • жарылатын және тез тұтанатын заттар;
  • химиялық, есірткі және психотроптық заттар;
  • радиоактивті, токсиндік және адам организмі мен қоршаған ортаға зиянды әсер ететін басқа уландырғыш заттар;
  • азық-түлік өнімдері мен бұзылуға ұшарайтын немесе паразиттердің таралуын туындататын, өз қасиеттері бойынша Сейфті бүлдіретін, оның ішінде оның кез келген жұмыс қабілеттілігін бұзатын және/немесе Банкке/басқа клиенттерге шығын келтіретін заттар Сейфте сақтауға жатпайды.

Сейф ұяшығын жалдау қызметін Алматы қ., Тимирязев көш., 28 «в» үй мекен-жайы бойынша орналасқан Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ бөлімшесінде пайдалана аласыз.

Сейфтік депозитарийдегі жұмыс кестесі:
Дүйсенбі – жұма сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін
Сенбі – жексенбі - демалыс