Мерзімді салымдар / Депозиттер

Жиі қойылатын сұрақтар Банктің жауабы
1 Депозит ашу үшін қандай құжаттар қажет? Резидент үшін:
Паспорт немесе жеке куәлік.

Бейрезидент үшін:
Жеке басты куәландыратын құжат (шетел азаматының паспорты; көші-қон карточкасы, тіркеу туралы куәлік, ҚР алынған ЖСН).
2 Менің өз депозитімді басқа қаладан немесе Банк бөлімшелерінен толықтыруыма немесе ақшаны ішінара шешіп алуыма болады ма (мен депозит ашқан жерден емес)? Иә, болады.

Алайда депозитті жабу үшін, Сіз депозитті ашқан бөлімшенің өзіне жүгінуіңіз қажет.
3 Меннен басқа адам менің депозитіме ақша сала алады ма? Иә, ол үшін төмендегіні көрсету қажет:
ақша қаражатын салушы туралы деректер: тегі, аты-жөні және жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі,
Сіздің депозитіңіз бойынша деректер: депозит шартының нөмірі, Сіздің тегіңіз, аты-жөніңіз және және жеке басыңызды куәландыратын құжаттың нөмірі.
4 Банкте депозитті қай мерзімге ашуға болады? Сіз Банк ұсынған өзіңізге қолайлы кез келген мерзімге депозит аша аласыз : 1, 3, 9 ай, 1 жыл және 2 жыл.
5 Депозит бойынша пайыздар қалай есептелінеді? Депозит бойынша пайыздар ай сайын , әрбір ай үшін ең соңғы күнтізбелік күнде және депозиттің аяқталу / ұзарту мерзімі күнінде есептелінеді.
6 Мен депозитке табыс ретінде қанша ақша есептелгенін қалай білуіме болады? Сіздерге «Online VTB» Интернет-банкингі қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, Сіз Банктің кез келген бөлімшесіндегі менеджерден ақпарат алуыңызға болады.
7 Банктің төлем картасы болмаған жағдайда мен депозитті Интернет-Банкинг жүйесі арқылы басқаруыма болады ма? Жоқ, Интернет-банкинг жүйесінде шоттарды басқару үшін Банк ВТБ (Қазақстан) төлем картасы болуы талап етіледі.
8 Мен Қазақстанда ашылған депозитті ВТБ Тобына кіретін банктердің бірінен пайдалануыма болады ма? Жоқ, мұндай қызмет қарастырылмаған.
9 Мен кәмелетке толмаған тұлғаға (балаға) жинақ шот ашуыма болады ма? Жоқ, Банк ВТБ (Қазақстан) 18 жасқа толмаған тұлғаларға жинақ шоттар орналастыру ұсынысын жасамайды.
10 Ағымдағы шарттар бойынша клиенттің жинақ шоты мерзімінің ұзартылуы автоматты түрде жүргізіледі ме, не болмаса клиент бөлімшеге өздігінен келіп жаңа шарттарда келісімшарт жасауы тиіс пе? Егер Салымшы салымды орналастырудың аяқталу мерзіміне салым сомасын талап етпеген жағдайда, банк салымының шарты салым орналастыру мерзімінің аяқталған күнінен кейінгі күннен бастап, дәл сол мерзімге және дәл сол шарттармен автоматты түрде ұзартылған болып есептеледі, салым бойынша сыйақы мөлшерін қоспағанда.

Егер Банк, шартпен қарастырылған осы салым түрін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда, шарттың мерзімін ұзарту жүргізілмейді, сонымен бірге егер Салымшымен, салым сомасын орналастыру мерзімінің аяқталу күнінде, салым сомасы талап етілмеген жағдайда, шоттағы ақша есептеулер мен сыйақы төлемдерін жасамастан орналастырылады.
11 Банк салымы шарты бойынша мерзімінен бұрын шартты үзген жағдайда Банк тарапынан айыппұл санкциясы салынады ма? Егер барлық салым сомасы мерзімінен бұрын (салым сомасын орналастыру мерзімінің аяқталуына дейін) қайтарылған/алынған жағдайда (оның бір бөлігін алған жағдайда, салым сомасының ең аз сомасы көлемінің азаюына алып келеді (төмендетілмейтін қалдық)), сонымен бірге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негізде және тәртіп бойынша:
  • Банк салымы шартының талаптарына сәйкес, салым сомасын нақты орналастыру мерзімі 1 (бір) айдан аз болған жағдайда, сыйақы есептеу және төлеу қарастырылмайды;
  • салым сомасын нақты орналастыру мерзімі 1 (бір) және одан көп күнтізбелік айды құраған жағдайда, есептелген (төленген) сыйақы қайта саналады және салымды орналастырудың нақты күндер санынан, Банк салымының белгіленген Шартына сәйкес, ½ сәйкес келетін мөлшерлеме бойынша төленеді.
Бұл жағдайда, банк салымы шартының ережелеріне сәйкес төленген сыйақы мен қайта есептелген сыйақы арасындағы айырмашылығы, осы ережені ескере отырып, ақырғы есептеу барысында Банктің салым сомасынан шегеру арқылы, қайтарылуға жатады.
12 Банктік салым шартын жасаған кезде депозитті орналастырудың барлық кезеңіне сыйақы мөлшерлемесі белгіленген болып келеді ме? Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі салым сомасын орналастырудың бүкіл мерзімі аралығында өзгеріссіз қалады.

Банк салым бойынша сыйақы мөлшерін, сонымен қатар салым сомасын орналастыру мерзімін ұзарту кезінде талап еткенге дейін мөлшерлемесін өзгертуге (арттыруға, азайтуға) құқылы.
13 Менің жинақ шотымды пайдалану құқығына үшінші тұлғаға сенімхат бере аламын ба? Клиент, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жинақ шотын пайдалану құқығына үшінші тұлғаға сенімхат беруге құқылы.
14 Депозит бойынша соманы алу бойынша Банкті алдын-ала хабарлау қажет пе? Иә, егер алу сомасы 7 000 000 (жеті миллион) теңгеден немесе шетел валютасындағы эквивалентінен асатын жағдайда, Салымшы салымды алғанға дейін 5 күнтізбелік күні бұрын Банкті хабардар етуге міндетті.