Кредиттер

Жиі қойылатын сұрақтар Банктің жауабы
1 Кредитті жұмыстан тыс уақытта қалай өтеуге болады? Жұмыстан тыс уақытта Сіз кредитті келесі тәсілдермен өтей аласыз:
  • Ақпараттық-төлем терминалдары арқылы
    Ол үшін Сізге терминал экранында банк шартының нөмірін және ЖСН көрсету қажет.
  • Cash in функциясы бар банкоматтарға қолма-қол ақшаны салу арқылы.
  • «Online VTB» Интернет-банкингінен картадан / депозиттен ағымдағы шотқа ақша аудару арқылы.
2 Кепілсіз кредит алу үшін Банк қандай талаптар қояды? Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар:
  • Қазақстан Республикасының резиденті болу;
  • Жасы: 22 жастан зейнеткерлік жасқа дейін;
  • Ағымдағы жұмыс орнында үздіксіз жұмыс өтілі 12 айдан кем болмауы тиіс;
  • Жалпы жұмыс өтілі 2 жылдан кем болмауы тиіс;
  • Кредит тарихының оң болуы.
3 Кредит алу үшін қандай құжаттар қажет?
  1. Алу үшін толтырылған сауалнама-өтініш;
  2. Қарыз алушының/Кепілзат берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
  3. Қарыз алушының еңбек ақысын көрсететін және растайтын құжат.

Банк қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.
4 Аннуитеттік өтеу тәсілі (аннуиеттік төлем) дегеніміз не? Кредитті өтеудің аннуитеттік тәсілі дегеніміз, бұл — Сіз кредитті ай сайын теңдей төлемдер жүргізу арқылы өтейтін тәсіл. Тек ең соңғы төлем ай сайынғы төлемдерден өзгеше болуы мүмкін, себебі ол қалған сома болып табылады.

Аннуитеттік төлем негізгі борыш сомасы мен кредит бойынша есептелген пайыздарды қамтиды. Қазіргі кезде банктердің көпшілігі ай сайынғы төлемді есептеудің дәл осы үлгісін қолданады. Бұл үлгі қолайлы, себебі Сіз әрқашан кредит бойынша қанша төлеу қажет екендігін білесіз.
5 Кредит беру туралы шешімді Банк неше күнде қабылдайды? Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшелерінде ресімделген кредит алуға өтінішті қарау мерзімі, 30 минуттан 1 – 5 жұмыс күніне дейін уақытты құрауы мүмкін: («Қолма-қол кредит» өнімі бойынша).
6 Кредит туралы толық ақпарат алу үшін менің қай жерге жүгінуіме болады? Ақпаратты Сіз келесі тәсілдермен білуіңізге болады:
  • Банка бөлімшелерінен;
  • Жұмыс уақытында (дүйсенбі – жұма күндері сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін) Байланыс орталығына 5050 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы -ұялы телефоннан тегін;
  • Банк сайтынан.
7 Егер мен кредитті мерзімінде өтеуді ұмытып кеткен жағдайда не болады? Егер Сіз ай сайынғы төлемді өтеуді ұмытып кеткен жағдайда, кредитті өтеудің кез келген мүмкін тәсілдерінің бірімен төлеуді мүмкіндігінше жылдамырақ жасаңыз.

Ай сайынғы төлемді, төлемді өтеу кестесінде көрсетілген мерзімінде төлемеген жағдайда, Банктік қарыз шарты бойынша тұрақсыздық айыбы/ өсімпұл өндіріледі, сонымен қатар Сіздің кредит тарихыңыз нашарлайды.
8 Мен еңбек ақыны Банк ВТБ (Қазақстан) картасымен аламын. Мен үшін арнайы ұсыныс бар ма? Иә. Сізге «Қолма-қол кредит» өнімі бойынша жеке ұсыныс жасалынуы мүмкін.