Кредиттер бойынша кейінге қалдыру шарттары

ТЖ режимінің әрекеті кезінде зардап шеккен жеке тұлғалар-банк клиенттеріне мерзімді ұзарту шарттары:

Кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды банк 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап 2022 жылғы 5 сәуір аралығындағы кезеңде береді, бұл ретте тараптардың келісімі бойынша кейінге қалдырудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін. Тұтынушылық кредит бойынша мерзімін кейінге қалдыру үшін сізге 2022 жылғы 04 сәуірге (қоса алғанда) дейінгі мерзімде Банктің сайтындағы өтініш нысанын толтырып, не негізгі борыш пен сыйақы бойынша мерзімін ұзарту туралы  еркін нысандағы Өтінішті банктің бөлімшесінде қалдыру қажет, оған төтенше жағдай кезеңінде сіздің қаржылық жағдайыңыздың нашарлауын растайтын құжаттарды (жұмыс орнынан анықтама, Залал келтірілгені туралы акт және т. б.) қоса беру қажет. 

Бұл ретте банк кредит бойынша мерзімді ұзарту себептерінің объективтілігін анықтау мақсатында қосымша құжаттарды сұратуға құқылы екенін хабарлаймыз.

    

ТЖ режимінің әрекеті кезінде зардап шеккен ШОБ секторындағы банк клиенттеріне мерзімді ұзарту шарттары:

Кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды банк 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап 2022 жылғы 5 сәуір аралығындағы кезеңде береді, бұл ретте тараптардың келісімі бойынша кейінге қалдырудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін. Бизнес-кредит бойынша мерзімді ұзарту үшін сізге 2022 жылғы 04 сәуірге (қоса алғанда) дейінгі мерзімде негізгі борыш пен сыйақы бойынша мерзімді ұзарту туралы  банкке еркін нысандағы өтінішпен жүгіну қажет, оған сіздің қаржылық жағдайыңыздың нашарлауын және/немесе келтірілген залалды растайтын құжаттарды (форс-мажор туралы құжат - еңсерілмейтін күш мән-жайлары туралы куәлік, бизнес орнынан фотоесеп, сараптамалық қорытынды немесе тәуелсіз бағалау компаниясынан келтірілген залалды бағалау және т.б.) қосып тіркеу қажет. SMB_VTB@vtb-bank.kz электрондық пошта жәшігіне, «VTB Business» интернет-банкі арқылы немесе банктік бөлімшелерінде жеке өтініш беруге болады. 

Негізгі борыш пен сыйақы бойынша тиісті түрде рәсімделген мерзімді ұзарту сіздің кредиттік тарихыңызды нашарлатпайтынына назарыңызды аударамыз.

Қолдау шаралары бойынша толығырақ ақпаратты сіз Банк бөлімшелерінен, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптармен танысып ала аласыз.

 

ШОБ клиенттерінің жиі қоятын сұрақтарына жауаптар:

 

1.   Қандай заңнамалық актілер, нормативтік құжаттар қолдау көрсету тәртібі мен шарттарын регламенттейді және олармен қайда танысуға болады?

Жауап:
Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларды қолдау шаралары туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі РММ 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығы.

Бұйрық finreg.kz сайтында Қаржы нарығының жаңалықтары бөлімінде орналастырылған.

 

2.  Банк кәсіпкерлік субъектілеріне олардың қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеу мақсатында қандай қолдау шараларын көрсетеді?

Жауап:
Банк негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді қоса алғанда, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауы немесе төтенше жағдай кезеңінде келтірілген залал туралы ақпарат болған кезде банктік қарыз шарттары бойынша қарыз алушыларға төлемдер бойынша мерзімін ұзартуды ұсынады. 

 

3.  Қарыз бойынша мерзімін ұзарту үшін қандай іс-әрекеттер және қандай мерзімде жасау қажет?

Жауап:
Банкке 2022 жылғы 04 сәуірге (қоса алғанда)  дейінгі мерзімде жазбаша өтінішпен жүгіну қажет.

 

4. Мерзімді ұзарту үшін Банк қосымша құжаттарды сұратуға құқылы ма?

Жауап:
Иә, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың кредиттері бойынша Банк төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын және/немесе төтенше жағдай кезеңінде келген залалды растайтын құжаттарды сұратады.

5. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде жеке кәсіпкерлердің банктік қарыздары бойынша негізгі борышты және сыйақыны өтеу мерзімін ұзарту қандай мерзімге берілуі мүмкін?

Жауап:
Мерзімді ұзарту 2022 жылғы 05 қаңтарға дейін берілген қарыздар бойынша берілуі мүмкін. Қарыз алушы мен Банктің өзара келісімі бойынша кейінге қалдырудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

 

6. Банк мерзімді ұзартқаны үшін комиссия ала ма?

Жауап:
Кредиттік ұйымдарға 1-тармақта көрсетілген нормативтік құқықтық акт шеңберінде төлемдерді тоқтата тұру және шарттарды тиісті өзгерту туралы өтінішті қарағаны үшін қарыз алушылардан комиссиялар мен өзге де төлемдер алуға тыйым салынады.

 

7.  Кредит тарихына мерзімді ұзарту қалай әсер етеді?

Жауап:
1-тармақта көрсетілген нормативтік құқықтық актінің шеңберінде төлемдерді тоқтата тұру қарыз алушының кредиттік тарихын нашарлатуға және қарыз алушы туралы теріс ақпаратты кредиттік бюроларға беруге негіз болып табылмайды.