Интернет-Банкинг


KMB.jpg

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Сіздерге Интернет-банкинг жүйесінде жеке тұлғаларға арналған «Online VTB» қашықтықтан банктік қызмет көрсетуді ұсынады.

ДБҚ – бұл тиімді, ал ең бастысы Клиенттің Банкпен деген өте ыңғайлы өзара әрекет ету тәсілі. Банкке қайта бару қажеті жоқ. Өз қаражатыңызды басқару, сонымен қатар онлайн тәртібінде өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта кеңседе немесе үйде, іссапарда немесе демалыста, компьютер немесе смартфон арқылы қызметтердің барлық спектрін ала аласыз.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ дебеттік төлем карточкасының кез келген ұстаушысы Интернет-Банкинг сервисіне қосыла алады.

Банктің барлық Клиенттеріне міндетті түрде болып табылатын негізгі реттік іс-әрекеттерін орындау қажет:

  1. Банктің кез келген төлем карточкасының негізгі иесі (Негізгі төлем карточканың ұстаушысы) болу;
  2. Банкте тіркелген ұялы телефонының жеке нөмірі болу;
  3. Интернет-Банкинг жүйесіне алғашқы кіру үшін PIN-кодпен қатар төлем карточкасымен бірге дербестендірілмеген парольмен жеке конвертті алу.
  4. Интернет желісінде https://online.vtb-bank.kz. мекенжайы бойынша Интернет-Банкинг жүйесіне кіруге болады.
  5. Сәйкестендіру рәсімін өту, бұл келесі параметрлердің енгізуін талап етеді (Интернет-Банкинг жүйесіне кіру үшін үлгі экранның сол жақтағы жоғарғы бұрышында орналасқан):
    а) Логин;
    б) Пароль мағынасы;
    в) сеанс коды, экранда арнайы терезеде сұратылған.
    6) Банкте дистанциялық банктік қызмет көрсету жүйесінің негізгі пайдалану шартын сипаттайтын электрондық банктік қызметін ұсыну Шартымен танысып, қабылдау.

Электронды Банктік Қызметтерді Ұсыну Шарттары
Электронды Банктік Қызметтерді Ұсыну Шарттары, 479 КБ, 01.08.2014

Интернет-Банкинг жүйесі тіркелген пайдаланушыларға қызметтердің келесі түрлерін ұсынады:

  1. Ақпараттық-банктік қызметі:
    Қызметтің осы түрі Пайдаланушыларға қарап шығу мүмкіндігін ұсынады:
    а) өзінің барлық банк шоттарының жағдайы туралы мәліметтер (ағымдағы, жинақ);
    б) Банк алдында несие міндеттемелері бойынша мәліметтер;
    в) Анықталған күнге/уақыттың берілген кезеңіне өз банк шоттары бойынша ақша қалдығы және айналымы туралы мәліметтер;
    г) Қызмет жеткізушілерімен ұсынылған төлем шоттары;
    д) Клиенттің банк шоттары бойынша жүргізілген ақша аударымы және жасалған төлемдері туралы мәліметтер;
    е) Банк көрсеткен ағымдағы күнге валютаны айырбастау бағамы туралы мәлімет;
    ж) Төлем карточкалары және аудару операциялары бойынша Банктің айырбастау бағамы туралы мәлімет;
    з) Банкпен банк қызметін көрсету тәртібі және шарты туралы ақпарат, оның ішінде шектелмей: банк қарызы, банк салымы
    и) Банктен Клиентке және Клиенттен Банкке ақпараттық хабарламалар;
    к) Банктің қарауы бойынша басқа да анықтамалық ақпарат.

  2. Транзакциялық-банктік қызметтер:
    Төлем операциялары, пайдаланушыларға қызмет төлемін жүргізуге рұқсат береді:
    а) Ұялы байланыс операторлары;
    б) Кабель теледидары;
    в) телефония;
    г) коммуналдық төлемдер;
    д) жүк пен жолаушыларды тасу қызметтері;
    е) интернет-провайдер.

    Банк ішіндегі және банкаралық аударымдар:
    а) Банкте ашылған өз банк шоттарынан ақшаны аудару және төлемдерді жүзеге асыру;
    б) Басқа Банкте ашылған, өз банк шотынан кез келген банк шотына;
    в) Шетел валютасын сатып алу және сату.

  3. Электрондық өтінімдерін беру:
    а) банк қарызын ұсынуға.

    б) жаңа дебеттік төлем картасын ашуға;
    в) төлем картасын қайта шығаруға;
    г) қосымша картаны ашуға;
    д) ағымдағы шоттарды ашуға;
    е) депозиттерді ашуға.



  4. Қосымша қызметтер:
    Интернет-Банкинг жүйесі арқылы пайдаланушыларға мүмкіндік беріледі:
    а) жоғалған немесе ұрланған жағдайда өз төлем карточкасын жедел оқшауландыру.

    б) бөлімшеге келмей-ақ, өз бетінше онлайн тіркелу

Жеке тұлғалардың дистанциялық банктік қызмет көрсету жүйесінің тарифтері (Интернет-банкинг).

Тарифтер