Қызметтің үздіксіздігін басқару саясаты

Қызметтің үздіксіздігін басқарудың негізгі мақсаттары:

1)    Бизнестің өзгеріп тұратын мұқтаждықтарын қанағаттандыратын және

шаруашылық қызметінің мөлшеріне, күрделігіне, мінезіне, георгафиясына, маңыздылығына, Банктің мәдениетіне, өзара тәуелділігіне және қызметінің талаптарына сай келетін Банк қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету қабілеттілігін қалыптастыру;

2)    Банктің қаржылық тұрақтылығына әсер тигізетін оқиғалар орын алған кезде, оларды сақтау барысында қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету шаралары Банктің мұқтаждықтарын қанағаттандыруды жалғастыруға кепіл беретін үдерістердің талаптарын анықтау;

3)    Қызметтің үздіксіздігін басқару, уақытылы есеп-айырысуды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету, Банктің күнделікті қызмет ету тәртібінің бұзылу мүмкіндігін ескерту және болдырмау, бұндай бұзушылықтың салдарын азайту (оның ішінде қаржылық шығасын, іскерлік беделін жоғалту) бөлігінде депозиторлар, кредитторлар және басқа клиенттердің алдында мойындаған міндеттемелерді орындау бойынша Банктің тұрақты қабілеттілігінің айқын белгіленген қолдау жүйесін құру;

4)    Адекваттық шешімдерді қабылдау үшін жағдай жасау, күтпеген жағдайда оларды уақытылы және толығымен жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге рұқсат ететін Банкпен басқарудың деңгейін сақтау.

Қызметтің үздіксіздігін басқарудың негізгі міндеттері:

1)    ұйымдастырушылық қызмет, оған қоса осы Саясатқа жасалған 5 Қосымшаға сәйкес әзірлеуден бастап, енгізуге және Банктің қызметінің үздіксіз жұмыс істеу қабілеттілігіне алғашқы тексеріс жүргізуге дейін қызметтің үздіксіздігінің талаптарын және толық циклін бекіту;

2)    келесілерден тұратын қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету қабілеттілігін қолдау:

  • қызметтің үздіксіздігін басқару;

  • қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарларын қолдану бойынша жүйелі түрде оқу жұмыстарын жүргізу;

  • қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарын өзекті қылу, әсіресе өндірістік және технологиялық үдерістерде, нарықтық/сыртқы жағдайларда елеулі өзгертулер туындаған жағдайларда.

  • Стандарттан тыс немесе төтенше жағдайлардың туындауының негізгі сценарийлерін жүзеге асыруға байланысты стандарттан тыс және төтенше жағдайлардың туындау тәуекелін және салдарын азайту, оған қоса, бірақ олармен шектелмей, АТ-жүйелерінің және АТ-инфрақұрылымының істен шығуы, ғимарат пен инфрақұрылым нысандарының қолжетімді болмауы, қызметкерлердің айтарлықтай бөлігін жоғалтуы, жеткізушілердің өз міндеттемелерін орындамауы және Банкке қолданылатын басқа да стандарттан тыс немесе төтенше жағдайлар.

  • Қаржылық-экономикалық, операциялық және басқа сипаттағы санкцияларға байланысты стандарттан тыс және төтенше жағдайлардың туындау тәуекелін және салдарын азайту.

Қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесін енгізудің негізгі қағидалары:

1)    үздіксіздік – үзіліссіз және істен шығусыз, кешенді ұйымдастырушылық және техникалық қорғау шаралары мен құралдардың тұрақты қызмет етуін қамтамсыз ететін, қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесінің қызмет ету қағидасы;

2)    тәуекелдерді талдау, тәуекелдерге қарсы әрекет етудің және азайтудың тиімді шараларын әзірлеу негізінде, Банк қызметінің үздіксіздігінің қаупін алдын алуды анықтайтын, бизнес-үдерістердің мақсатына қол жеткізу үшін тәуекелдерді және қауіпті дәлме-дәл бағалауды талап ететін - уақытылық;

3)    экономикалық мақсаттылық – үздіксіздікті қамтамасыз ету шығындарының болжамды залалдарға салыстырымдылығы («тиімділік – баға» критериясы). Барлық жағдайларда қызметтің үздіксіздік жүйесінің бағасы тәуекелдің кез келген түрін жүзеге асыру барысында келтірілген залалдан аз болуы тиіс;

4)    тәуекелдің өзгеріп тұратын талаптарын және бар факторларын есепке алу арқылы жүйенің орталықтандырылған басқаруын және бірыңғай нормативтер, ұйымдастырушылық және техникалық қағидалар бойынша Банкте және Банктің филиалдарында қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесінің қызмет етуін талқылайтын - басқаруды орталықтандыру қағидасы.

Банк оқиғалар орын алған кезде, қажетті мөлшерде:

  • қажетті дағды мен білімге, тиісті біліктілікке ие болған қызметкерлермен,

  • негізгі алаңдар қолжетімді болмаған жағдайда резервті алаңдармен,

  • арнаулы технологияларды немесе өндіру циклі ұзаққа созылатын, жеке тапсырыс бойынша әзірленген технологияларды сақтау, ауыстыру немесе қалпына келтіруді,

  • бизнес-үдерістердің қызмет етуі үшін сыни мағыналары бар ақпаратты қорғауды және қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ету жолдарымен,

  • қорлар бойынша бір немесе бірнеше стратегияларды қолдану арқылы бизнес-үдерістердің үздіксіз қызмет етуін жүзеге асыруға қажетті резервтік (апаттық) қорларды сақтауды

қамтамасыз ету үшін қызметтің үздіксіздігін қолдау және қамтамсыз ету бойынша түрлі жолдар мен шараларды қолданады.

Банк тұрақты негізде, Банк қызметіне жағымсыз ықпал етуіне, тәуекелдің тиісті деңгейін есептеу арқылы қызметке оқиғаның, залалдың жүзеге асыру және әсер ету мүмкіндігін субъективтік бағалау негізінде, талдауды жүзеге асырады.

Банктің мерзімді қатаң тесттен өтетін және өзекті күйде сақтайтын, қызметтің үздіксіздігін және қалпына келтіруді қамтамасыз ету бойынша Жоспары бар.