Банк ВТБ (Қазақстан) ең жауапты клиенттерді ақшамен марапаттады


10 января 2017

Банк ВТБ (Қазақстан) ең жауапты клиенттерді ақшамен марапаттады

2015 жылдың күзінде банк өзінің клиенттерін өз қаражаттарын мұқият басқаруы үшін ынталандыруға бағытталған «ВТБ үздігі» науқанын іске қосты. Науқанның қатысушылары болып бір жылдан кем емес мерзімге, 2015 жылдың 1 қазанынан бастап 15 желтоқсанына дейінгі кезеңде Банк ВТБ (Қазақстан) банкінде «Қолма-қол несие (кепілзатсыз)» рәсімдеген барлық қарыз алушылар табылды. Жыл бойына бір де бір рет төлемдер бойынша мерзімін өткізбеген клиенттерге Банк берілген несие сомасынан ақшаның бір бөлігінің қайтарылуына кепілдік берді.

Науқанды жүргізген кезеңде оған банктің 313 клиенті қатысты, олардың ішінде науқанның шарттарын толық сақтаған және өтемақы алғандары – 147 адам болды. Сыйақы төлеудің жалпы сомасы - 9 184 750 теңгені құрады (ЖТС қосқанда).

- «ВТБ үздігі» жобасын іске қосқанда біз бұл жобаның өз клиенттерімізді сауатты қаржылық жоспарлауға және өз міндеттемелерін жауапты орындауға үйретуді қаладық. Ең тәртіпті клиенттерге – үздіктерге, біз «бестік қойдық» - берілген несие сомасынан 5%* қайтардық. Науқанның нәтижелеріне біздің көңіліміз толды, біздің қарыз алушылардың жартысына жуығы, өткен жыл көпшілік үшін қаржы тұрғысынан күрделі болғанына қарамастан, қарызды дер кезінде қайтару бойынша шарттарды орындады, - деді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло.- Отбасы қаражатын бөлу көбіне кез келген компанияның активтерін басқаруды еске салады. «ВТБ үздігі» науқаны отбасы бюджетінің жоспарлауды және болжауды талап ететіндігін біздің клиенттерге түсінуге көмектесті, сонымен қатар, өз ақшаларына жауапты қарауды үйретті деп үміттенемін.

* Қазақстан Республикасының Салық Заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардан ЖТС ұстау

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 7 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 37 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz

Facebook: BankVtbKazakhstan


Жаңалықтар мұрағаты